«Балалы болуға дайынмын»: Айгүл Иманбаева екінші некесінен де сәби сүйгісі келетінін жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 17:15
2081
«Балалы болуға дайынмын»: Айгүл Иманбаева екінші некесінен де сәби сүйгісі келетінін жасырмады жеке мұрағатынан

47 жасында екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева сәби сүюге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында екінші рет тұрмысқа шыққанын айтып, балалы болуға дайындалып жүргенін жасырмады. 

“Балалы болуға дайынмын. Биылғы жылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын. Ер мен әйелге бөпе не үшін беріледі?! Біздің қазақта “Ойбай, қартайғанда туыпты” деген қазақтың құрып қалған сөзі бар. Біріншіден, қартайып тұрған түрім жоқ. Қазақтар ғана 35 жасында қартайып, 45 жасында өлімге дайындалады. Ол биологиялық өлшем емес. Мидағы ғана қалыптасқан түсінік. Шетелде көп жүрдік. Ол жақта 35 жасқа дейін жасөспірім болып есептеледі. 35пен 65 жастың арасы жас болып саналады. Олардың өмірі 40 жастан кейін басталады. Саяхаттап жүргендер де, сүйісіп отырғандар да, сол жастағы адамдар. Мен осы дүниені қазақтардан да көргім келеді. сол үшін де балалы болудан қашып отырған жоқпын. Сондықтан біз дайынбыз. Биылғы жылды балама, баламның киносына арнадық. Бұйыртса келесі жылы бөпелі болып, сүйіншілейтін күнге жетейік”, – деді әнші. 

Сонымен қатар өнер иесі өзінің қандай ана болғанын айтып, бала тәрбиесіне қатысты ойын білдірді. 

“21 жасымда тұрмысқа шығып, 21 жасымда балалы болып, 21 жасымда ажырасқан адаммын. Бір жылда басымнан бәрі өтті. Балама менің берген ең үлкен байлығым – еңбекқорлыққа тәрбиелгенім және кітапқа баулығаным. Адалдық пен адамдыққа тәрбиелегенім. Балам кітапты мүжіп тұрып оқиды. Сосын 6-сыныбынан бастап, үш ай демалысында шетелде ағылшындардың отбасында тұрды. Жыл сайын Малайзия, Венгрия, Лондонға жіберіп тұрдым. Одан кейін ұлымның азамат болып қалыптасуына кітап оқығанның септігі тиді. Біз жарысып тұрып оқитын едік. Ал енді оның бойындағы ибалылық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жөнімен сөйлеп, жолымен жүруді мамам үйретті. Күні-түні мамам қасында болды, тәрбиесімен сол кісі айналысты. Тек бір өкінішім бар, ол – ішімдегі махаббатты шексіз бере алмағаным. Мамам жалғыз, мен жалғыз, балам жалғыз болғандықтан ішімізден біреуімізге бас көтеруге тура келді. Сөйтіп өзім еркек, өзім әйел болып, сыртта көп жүрдім. Соның орнын толтыру үшін енді бала тусам, күні-түні қасында отырамын”, – деп күлді мәдениет қайраткері. 

Жанар Айжанова күйеубаласының шашын тықырлап алып тастады (ВИДЕО) Лидия Кәденова тағы да әже атанды (ФОТО) «Өтіріктерің ашылады»: Баян Мақсатқызы күйеуін қаралағандарға қатаң ескерту жасады «Содан бастап Трамппен жау»: Илон Маск Ақ үйде кімнен таяқ жегені белгілі болды «Шымкенттің намысын қорғаймын»: Төрехан Сабырхан шешімін өзгертті «1-курсты енді бітірген еді»: Түркістанда колледжде оқитын қызды өлтіріп кеткен 8-сынып оқушылары қатарласын тапаншамен қорқытып, ұрып-соққан Елдос Сметов пен Хабиб Меккеде кездесті (ВИДЕО) Мейіргер жігіт жасөспірімді зорлады деген күдікпен қамауға алынды Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО)