«Мұсылман еркектер «төсектес болайық» деп маза бермеді»: Қазақстандық қыздар хиджабын не себепті шешкендерін айтып берді

Аиса Махамбет Редактор
22.08.2024, 20:53
6112
«Мұсылман еркектер «төсектес болайық» деп маза бермеді»: Қазақстандық қыздар хиджабын не себепті шешкендерін айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

"Түсімде 26 рет пайғамбарды көрдім" деген Назерке есімді ару басынан өткен келеңсіздіктерден кейін хиджабын шешкен. Ал алматылық Алуа Болатқызы 4 жыл бойы намаз оқып, дінге сараптама жасағаннан кейін хиджаб киюден бас тартқан. Бойжеткендер Stan.kz тілшісіне орамалын шешкеннен кейінгі өмірлері қалай өзгергенін айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде "Түсімде Пайғамбарды көрдім!" деп танымал болған блогер Назеркенің хиджабты шешуге бірнеше себебі болған. Соның ішінде ол мұсылман ер адамдар тарапынан көрген қорлығын жасырмады. 

"Хиджабты шешуге мәжбүр болдым. Халал деген жерлерде жұмыс істедім. Мұсылман еркектер "төсектес болайық" деп маза бермеді. Намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын сіздер білмейсіздер... Көбі КНБ-нің (Ұлттық қауіпсіздік комитеті – ред) адамдары жаман деп айтады. Негізі бәрі мұндай емес. Маған "қазағымның қызы" деп жәрдем берген солар еді. Олар көмектеспегенде не боларын кім білсін?!" – деді Назерке.

Назеркенің айтуынша, ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді. Ол иманы мен діні жүрегінде екенін айтты.

"Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де жүрегімде. Мен – намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол басқалардан әйел ретінде өзін түсінуін өтінді", – деді Назерке.

Ал алматылық Алуа Болатқызы орамалды 4 жылдан кейін шешкен. Бірақ ол бүркенбей тұрғанда ата-анасы мен дос-құрбылары қарсы шыққан. Тіпті колледжде оқып жүргенде оны сабаққа кіргізбей қойыпты.

"Діни манипуляция... Енді ғана дінді танып келе жатқан 18 жастағы қызға қатты әсер етті. Хейт көп болып, ешкім түсінбеді. "Сен әлі жассың", "бұл қазақтың киімі емес", "орамалды тұрмысқа шыққан соң тақ", "сектаға кіріп кеттің" деген сөздер жиілеп кетті. Орамалды 22 жасқа толғанда шештім. Ішкі қалауым. Біраз есейіп, әрбір діни әңгімелерге анализ жасап, бұл жол менікі емес екенін түсіндім. Қазір намаз оқымаймын. Дінге деген көзқарасым өзгерді. Барлық нәрсе саналы түрде болуы керек деп ойлаймын. Бүркеніп алу жақсы деп айтпаймын. Себебі жан жақтан неше түрлі әңгіме, ұрыс-керіс көбейіп кетті. Туысқандардың жеке басымның ісіне араласуы, колледжге кіргізбей қойған сәттер күйзеліске түсуіме әкеп соқты", – деді алматылық ару.

Алуа орамалын шешкен кезде өзін арқасынан бір ауыр жүк түскендей сезінген. Дегенмен қоғам тарапынан көп сынға ұшырағанын жасырмады.

Фото Алуа Болатқызының жеке архивінен алынған

"Меніңше, білімсіздіктің кесірінен көп жас діни манипуляцияға тез ереді. Жанымдағы құрбым намаз оқитын еді. Ол қызбен колледжге түскен кезде таныстым. Кейін ол маған дін туралы көп әңгіме айта бастады. Қызығып, мен де оқи бастадым. Мешітке барып, уағыз тыңдап қайтатын едік. Телефоннан неше түрлі уағыз тыңдайтын едік. Ол маған "сен қашан киесің?", "өліп қалсаң қайтесің?", "арғы дүниеңді ойламайсың ба?", "Құдайдан қорықпайсың ба?" деп, өзіне тартты. Басында менікі дұрыс, сендер қате ойлайсыңдар деп ойлайтынмын. Алайда орамал тағуды қойғаннан кейін сол құрбым араласпай кетті", – деп түсіндірді Алуа.
Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?