SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, полиция жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы Астана тұрғынын анықтады.
Күдікті бұрынғы сүйіктісінің сенімін пайдаланып, үйінде болған кезде құны 200 мың теңге тұратын “Pandora" білезігін ұрлап кеткен.
Жәбірленуші білезігінің жоғалғанын бір аптадан кейін, жігіттің жаңа сүйіктісінің Instagram желісінде жариялаған фотосынан өз бұйымын көргенде бір-ақ байқаған. Жәбірленуші фотодағы білезіктің өзінікі екеніне көз жеткізген соң бірден полицияға хабарласқан.
Күдікті өз қылмысын мойындады. Полицейлер білезікті заңды иесіне қайтарды.