«Бұл жақта сыйлымын»: Бақыт Сәрсекбаев шетелде қызмет етіп жүргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
23.08.2024, 17:54
1379
«Бұл жақта сыйлымын»: Бақыт Сәрсекбаев шетелде қызмет етіп жүргенін айтты жеке мұрағатынан

Бақыт Сәрсекбаев Вьетнамда қызмет етіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұқбатында Вьетнамда қызмет етіп жатқанын, сондай-ақ бокстан Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауға қалай қарайтынын айтты. 

"Біраз уақыттан бері Вьетнамда еңбек етіп жүрген жайым бар. Нақтылап айтсам, бокстан Ханой қаласы құрама командасының кеңесші-бапкерімін. Бұл жақта да жаман жұмыс істеп жатқан жоқпын. Менің шәкірттерім биылғы Вьетнам чемпионатында 2 алтын, 3 күміс және 3 қола медальды иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынды олжалады. 8,5 миллион тұрғыны бар астаналық боксшылар аталған жарыста бұрын-соңды бірде-бір рет осындай биікке көтерілген емес. Осылай қазіргі кезде Үнді-Қытай түбегінде еңбек етіп жүрмін", - деді Бақыт Сәрсекбаев. 

Сондай-ақ Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құраманы тізгінін ұстау туралы ұсыныс түссе не деп жауап беретінін айтты.

"Оған қарсы емеспін. Бірақ команданы "Еті сенікі, сүйегі біздікі" деген ұстаныммен берсе ғана қабылдаймын. Әркім жұмысыма араласып, "үйт, бүйт" дегенін қаламаймын. Талабым сол. Қазір өзім де жұмыссыз емеспін. Шетелде жемісті еңбек етіп жатқанымды жоғарыда айттым. Вьетнамның спорт басшылары атқарған шаруаларыма дән риза. Ең бастысы, бұл жақта сыйлымын. Алайда қазақ боксының болашағына алаңдаймын. Сол кезде бәрін тастап, елге қайтқым келеді. Қазақ боксын жаңа деңгейге көтерсем деп армандаймын", - деді Бақыт Сәрсекбаев. 

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев 2008 Бейжіңде (Қытай) өткен Олимпиада ойындарында бокстан 69 кг дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған. Сондай-ақ ол үш мәрте Азия біріншілігінде топ жарған (2002, 2005, 2007).

Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды