«Сығыр көз деді»: Ресейде ұлтына байланысты кемсітілген 17 жастағы спортшы қыз өзіне қол жұмсады

24.08.2024, 10:29
2318
«Сығыр көз деді»: Ресейде ұлтына байланысты кемсітілген 17 жастағы спортшы қыз өзіне қол жұмсады жеке мұрағатынан

Ресейде 17 жастағы спортшы ұлтына байланысты кемсітілгені туралы жазба қалдырып, өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Екі жыл бұрын Алтай Республикасынан Новосібірге көшіп келген самбошы Ксения Чепонованың денесін бапкерлері 17 тамыз күні тапқан.

Спортшы телеграм каналында блог жүргізіп келген, марқұм өзінің "соңғы жазбасын" осы блогта жариялапты.

"Мен жақсы адам емес шығармын, бірақ жаман адам емеспін, менің кінәм не екенін түсінбеймін? Туғаннан көзімнің сығыр болғанынан ба, әлде терімнің түсі қараторы болғаны үшін бе? Кейбіреулер ұлтымды әзілге айналдырғанға дейін мен өз ұлтымнан ешқашан ұялған емеспін", — делінген спортшының соңғы жазбасында.

Чепонованың туыстары мен достары “Окно" жобасына берген сұхбатында мектепте оқушылардың Ксенияны “сығыр көз" және "қара нәсілді" деп мазақ қылғандарын айтты. Отбасы мазақ етуді бастаған сол мектепте оқитын самбо бапкерінің қызы деп есептейді.

Тергеу комитеті Чепонованың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Спортшының туысының айтуынша, іс "суицидке итермелеу” бабы бойынша қозғалған.

«Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған