Қостанайда тұрғынға есірткі тасымалдауға мәжбүрлеген экс-полицейге сот үкімі шықты

25.08.2024, 11:52
759
Қостанайда тұрғынға есірткі тасымалдауға мәжбүрлеген экс-полицейге сот үкімі шықты polisia.kz

Экс-полицей 15 жылға қамалды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған Арман Амзе, процестің барысында анықталғандай, бірнеше қылмыс жасаған. Бұл туралы Алау жазды.

«Сот төрелігіне, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы аса ауыр қылмыс жасады, ол есірткі заттары мен психотроптық заттар аналогтарының заңсыз айналымымен байланысты», — деді судья Ляззат Мұхамеджанова.

Сот 2022 жылдың қазан айында Амзе мен басқа да полицейлер алдын ала сөз байласып, қала тұрғынын ұрып-соғып, тағы бір адамды аса ауыр қылмыс жасауға, яғни есірткі тасымалдауға мәжбүрлегенін анықтады. Кейіннен олар бұл адамды қылмыстық жауапкершілікке тартқан. Үшінші қала тұрғыны Амзеден бірнеше рет қайта сату үшін есірткі алған. Тергеу барысында дәлелденгендей, осыдан түскен 930 мың теңге сомасындағы ақшаны полицей алған.

«Сотталушы жасаған қылмыстарын мойындамағанына және қорғаушы тарап қылмыстық құқық бұзушылықтардың болмауына байланысты оны ақтауды сұрағанына қарамастан, аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар дәлелденді», — деп атап өтті судья.

Сот айыпталушының кінәсін жеңілдететін мән-жай ретінде оның асырауында кәмелетке толмаған балалары бар екенін таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Бұған дейін айыптау тарапы Амзеге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

«Жазаларды ішінара біріктіру арқылы сот түпкілікті 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот мемлекеттік айыптаушы мен басқа да қатысушылардың пікіріне тәуелді емес, сондықтан сотталғанды түзетуге және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауын болдырмауға тағайындалған бұл жаза жеткілікті деген қорытындыға келді», — деп үкімді оқыды судья.

Бұрынғы полицей жазасын орташа қауіпсіздік режиміндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар ол полиция капитаны атағынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

«Кемпір-шал»: Сәкен Майғазиев пен жары бір-біріне қандай ерекше ат қойғанын айтты Баян Мақсатқызы алғаш рет қыздарының түрін көрсетті (ФОТО) «300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды Өзбекстан азаматтарынан 5 келі насыбай тәркіленді Ақтауда мойны терең жараланған тірі итбалық табылды Шерзаттың сотында прокурор екі куәгер қызды тексеруді сұрады Германия басшысы Нетаньяхуға Газа секторына гуманитарлық көмекті күшейтуді ұсынды Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО) Сақинасын шеше алмаған әйел құтқарушыларды шақырған Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған