715

Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Бүгін ауа райы қандай болады?

Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 26 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін солтүстік-батыс циклонының әсерінен ел аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Күн күркіреп, жаңбыр жауады. 

Республиканың батысында және оңтүстігінде ғана күн ашық, жауын-шашынсыз болады.

Ел бойынша жел күшейеді, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында кей уақытта тұман күтіледі.

Ел аумағының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар. 

Материал авторы