Аятжан Ахметжанұлы өз атынан 420 оқушыға грант бөледі

Аиса Махамбет Редактор
26.08.2024, 13:52
947
Аятжан Ахметжанұлы өз атынан 420 оқушыға грант бөледі жеке мұрағатынан

Гранттар 3 қаладағы мектептерге беріледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «QAZBILIM» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы өз атынан 420 оқушыға грант бермекші, деп Azattyq Rýhy жазды.

Ол сөз басында ұлттық мектептегі оқу ақысы неге қымбат екенін түсіндірген. Аятжанұлының айтуынша, мектеп орналасқан ғимараттың жалға алу құны, мұғалімдер мен қызметкерлердің жалақысы, коммуналдық шығындар мен күнделікті керек-жарақтың шығындары көп қаржыны талап етеді. 

«Өз атымнан тағы 420 оқушыға грант беремін. Ұлттық мектеп неге ақылы деп сынайтындар көп, қымбат деп ренжитіндер де көп. Мектептің материалдық шарт жағдайын жасақтауды айтпағанда, осы төрт үлкен шығын бар. Ал мемлекеттен жан басына қаржыландыру бағытында берілетін шығын осының біреуін толық жаппайды. Сондықтан ата-ана төлеміне жүгінеміз», - дейді Ахметжанұлы.

Себебі, сапалы дүние жасау үшін үлкен қаржы керек. Білікті маманға жақсы жалақы керек.

«Бірақ жеңілдік сұраған ата-аналар мен өтініш айтқан адамдар тым көп болуын ескере отырып, экономикалық мүмкіндіктерімді саралай отырып, мүмкіндігім бар 3 қалаға тағы 420 оқушыға грант беруді жөн көрдім. Оқу жылы соңында 8 қаладағы QAZBILIM ұлттық лицейлеріне 300 оқушыға грант берген болатынмын. Екі реттегі берілген гранттың жалпы құны 800 миллион теңгеден асады», - дейді ол.

Осы жолғы бөлінетін гранттар тізімі мына мектептерден болмақ:

QAZBILIM SHYMKENT-2 ұлттық лицейіне

-100% гранттан - 100 оқушыға грант;

-50% гранттан - 50 оқушыға грант;

QAZBILIM QYZYLORDA ұлттық лицейіне

-100% гранттан - 100 оқушыға грант;

-50% гранттан - 50 оқушыға грант;

Тел. 8701 934 8008

QAZBILIM ATYRAU ұлттық лицейіне

-100% гранттан - 20 оқушыға грант;

-50% гранттан - 100 оқушыға грант беремін деп шештім.

«Қабылдау емтиханы 28 тамыз күні болады. Емтиханға алдын ала тіркелу міндетті», - деп жазды ол.

Иран сыртқы істер министрі Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге барды Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды Иранға жасалған соққы Трампқа импичмент жариялауға негіз болмақ Георгий Жуков: «Қазақтар өздері қазақша сөйлесе, мен де үйреніп алар едім» АҚШ Иранмен кездесуге дайын екенін жеткізді Астанада жігіт бұрынғы қызын өлтіріп, оның бауырын пышақтап тастаған (ВИДЕО) Сарапшы: «Иран әлі де ядролық бомба жасай алады» Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты