«Түнгі 12-де жатақханасына бардым»: Қыдырәлі Болман Қарақатты алғаш көрген сәтін есіне алды

Аиса Махамбет Редактор
26.08.2024, 18:32
1656
«Түнгі 12-де жатақханасына бардым»: Қыдырәлі Болман Қарақатты алғаш көрген сәтін есіне алды жеке мұрағатынан

Танымал продюсер, әнші Қыдырәлі Болман жұбайы Қарақат Әбілдинамен танысқан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері жақында шаңырақ көтергендеріне 25 жыл толу тойын атап өткен еді. 

"Біз танысқан кезімізде Қарақат 18 жаста еді. Белінен төмен құлаған қап-қара қос бұрымы, қазақы киімі, домбыраны алып, "Сары бидай" әнін шырқай жөнелгенде сұлу жүзі әнімен де, сәнімен де әдемі үйлесіп, ерекше жарасып тұрғаны әлі көз алдымда. Сол күні шұғыл түрде, түнгі 12-де "срочно" консерваторияның жатақханасына жетемін. Сол күннен бастап жұбымыз жазылған жоқ", – деп жастық кезін есіне алды продюсер.  

Сонымен қатар өнер иесі дәстүрлі әншілікті ғана алып жүрген Қарақатқа эстраданы қалай үйреткенін айтып берді.

"3-4 жылдай "АБК" тобының концерттеріне ертіп жүріп, эстрада сахнасына бойын үйреттім. Қыр-сырларын үйрете бастадым. Қасыма ерте жүріп, әрі продюсер-ұстазына айналдым. Үйленгенімізге дейін үш жылдан астам бірге жүрсем де, қолынан ұстамаппын. Сахна қозғалысы, сахна шеберлігі, сахна мәдениеті, Нартайдың термесін дайындап бердім. Дәстүрден ақырындап эстрадаға ауыстыра бастадым. "Образ" деген дүниені тірнектеп тізіп, стратегиялық бағытың бойынша бір тізбекке тізе бастайсың. Яғни образ үлкен дуал-кірпіштен қаланған қабырға болса, соның әр кірпішін түзу, дұрыс салып отырсаң, қателеспейсің. Сөйтіп әрі-бері шапқылап жүргенімізде үйленіп, мейірімді Алла бере салғандарымызбен бақытымызды еселеп, алтын асықтай балалармен өмірімізді өрнектеп, өндіріп-өркендетіп, өсіріп, шаңырағымызды бақытқа бөлеген аса қамқор, ұлық Аллаға сансыз мадақтар болсын! Зуылдаған уақытпен, әлі қайда, 25 жылға жеткенше мың жыл бар сияқты сезінетін пендеміз. Уақыт ұйықтамайды, тоқтамайды! Баяу, бірақ бір секунд та тоқтамай, күндіз де, түнде де үзіліссіз сырғып жатқан уақыт. Ей, Алла, адастырма бізді, жарастыр!" – деді Қыдырәлі Болман.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды