1647

«9 айында мама деді»: Төреғалидің қарындасы желіде жақсы жаңалығын жария етті

Аллаға сансыз шүкір еттім дейді ол.

«9 айында мама деді»: Төреғалидің қарындасы желіде жақсы жаңалығын жария етті
жеке мұрағатынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Желі жұлдызы ұлы 9 айға толып, өзін ерекше қуантқанын айтты. 

Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында ұлымен түскен суреттерін жариялап, оған аналық ақ тілегін жолдаған. Блогер баласы 9 айға толып, алғаш рет "ана" деп айтқанын жеткізді.

"Кеше балам алғаш рет "Мама" деп сөйледі. Осындай ерекше сезімді сезіндірген Аллаға сансыз шүкір еттім. Ана атанғаныма 9 ай өте шығыпты. Батырым дені сау, үлкен азамат болып өссін", - деп жазды желі жұлдызы.

Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі мен жездесі Дархан Нортаев Ерманбидің 9 айға толуына орай, мерекелік кешкі ас ұйымдастырған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор