«Қара жамылғандарға қарсымын»: Нұрлан имам теріс ағым өкілдерін сынады

Аиса Махамбет Редактор
27.08.2024, 17:15
943
«Қара жамылғандарға қарсымын»: Нұрлан имам теріс ағым өкілдерін сынады коллаж smartnews.kz

Әлеуметтік желі арқылы танымал болған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы қара жамылып жүретіндерді сынады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, дін өкілі Qasqa Jol бағдарламасында берген сұхбат беріп, ұлттық рухты көтеру үшін күш жұмсауға шақырды.

“Қазақ ілеспе халықпыз. Еріп кете береміз. Әсіресе қиналған сәтте біреу бізге келіп, бағыт-бағдар берсе, соның айтқанымен жүріп кетеміз. Ата-бабаларымыздың күнделікті өмірі диалектімізге, сүйегімізге сіңіп кеткен. "Әліпті таяқ деп танымайды" деген сөз де солардан келген. Бұл біздің болмыс. Араб болып кеткен жоқ. Киімімен, шекпенімен, елді-жерді сақтап қалды. Ұлтқа, елге деген махаббат бір жерге жиналып тұрды. Дін руханияттанып тұрды. Бұрылып, арабты сүй деген жоқ. Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр. Еліңді сүй, жеріңді сүй, даланың жусанын сүй, сол артығырақ", – деп күйінді имам. 

Сондай-ақ дін маманы қоғамда белең алып жатқан әйелдердің қара түсті киіміне шүйлікті. 

“Білесіз бе, ТМД елдерінің ішінде біздің мемлекет ғана қыз-келіншектерге орамалмен төлқұжатқа түсуге рұқсат берген. Бұл Конститутциялық құқығын еркін қорғаған мемлекет деген сөз. Біздің елде қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да қабылдамаймыз. Мен өзім Қазақстанның азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Біз зайырлы мемлекетпіз, біз Ислам мемлекеті емеспіз", – деп сынады Нұрлан Байжігітұлы. 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді