«Мені өлтіріп жатыр»: Ақтөбеде өлім алдында көмек сұрап, қоңырау шалған әйелге диспетчер мән бермеген

28.08.2024, 10:29
1056
«Мені өлтіріп жатыр»: Ақтөбеде өлім алдында көмек сұрап, қоңырау шалған әйелге диспетчер мән бермеген бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбеде өлім алдында әйел жедел құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған. Алайда қызметкер оның сөзіне немқұрайлы қарап, мән бермеген. Енді ол осы үшін сотқа тартылып жатыр. Бұл туралы “Еуразия” бірінші арнасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 9 маусымда 55 жастағы әйел көлігін сату үшін көлік базарына шығып, жоғалып кеткен. Жоғалған әйелдің туыстары полицияға хабарласқан. Сөйтсе көлігін қарауға келген адам оны тұншықтырып, денесін қала сыртына тастап, көлігін гаражға тығып қойған. 

Әйел өлім алдында 911 нөмеріне хабарласып, “Мені өлтіріп жатыр!” деген екен. Алайда диспетчер оған немқұрайлық танытыпты. Сөзінше, ол арада тұрмыстық жанжал болып жатыр деп ойлапты. Ол кінәсін мойындап, марқұмның жақындарынан кешірім сұрады. 

“Мені өлтіріп жатыр” деп айқайлағанын естімедім. Тек шыңғырған және айқалаған дауыстарды естіп, мұны отбасылық жанжал деп ойладым. Сол күні өте көп қоңыраулар келіп жатты, бәрі бір уақытта келді. Егер оның даусын естігенде, полиция мен мен жедел жәрдемді жіберер едім. Кешірім сұраймын, мен қате жібердім”, – деді айыпталушы.

Прокурор айыпталушының салғырттығынан өлім болды дейді. Сөзінше, марқұм әзілдеп тұрмағанын және көмекке мұқтаж екенін айтқан. 

“Бұл – өз жұмысына немқұрайлық таныту. “Мен оның даусын естімедім” дейді. Қалай естімеуге болады, ол шыңғырып жатыр ғой?! Оны естімеу мүмкін емес еді”, – деді марқұмның әпкесі Мадина Дүкенбаева.

Десе де, ол диспетчерге кешірім беруге дайын екенін айтты. Айыпталушы моральдық және материалдық өтемақы төледі. Бірақ ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады