«Ұлтыңды саттың»: Қазақ қызы мобилизация кезінде келген орыс жігітін сүйіп қалғаны үшін қуғынға ұшырады

Аиса Махамбет Редактор
28.08.2024, 12:32
1499
«Ұлтыңды саттың»: Қазақ қызы мобилизация кезінде келген орыс жігітін сүйіп қалғаны үшін қуғынға ұшырады бейнежазбадан алынған кадр

Сергей Гончаров есімді желі қолданушысы қазақ қызымен көңіл жарастырғаны үшін өзі де, сүйіктісі де көпшіліктің сынына ұшырағанын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сергей Гончаров сүйіктісін қорғауға тырысты.

“Менімен кездескені үшін қызым қуғынға ұшырады. Ол – қазақ, мен – Ресейден келген орыспын. Бізді әлеуметтік желіде көп адам балағаттап жатыр. Олардың кім екенін және мұны не үшін істейтінін білмеймін. Маған тіл тигізіп жатқандарға етім үйреніп кетті. Орыстарды ұнатпайды. Ресейде тұрсаң көнбіссің, тұрмасаң қашқынсың. Соғысқа барсаң қылмыскерсің, бармасаң қорқақсың. Қандай жағдай болмасын, тиісерге қара табады. Желідегі парақшама келген хаттардың бәрі балағат сөздер, қорлау, тіл тигізу”, – дейді Сергей Гончаров. 

Айтуынша, желі қолданушылары оның мекен жайын сұрап, қоқан-лоқы көрсетеді. Енді өзін қойып, сүйіктісіне тіл тигізетін болған. 

“Кейінгі жарты жылда адамдардың айтатыны бір. “Сатқын”, “Сен ұлтыңды сатып кеттің”, “Ол сені тастап кетеді”, “Сен оған тек азаматтық алу үшін ғана керексің”, “Масқара”, “Енді сен қазақ емессің”, “Біз сенен теріс айналамыз”, “Бұл сатқынды өзімен бірге алып кет” деп айтудан жалықпайды. Қашанғы шыдауға болады? Не үшін бұлай істейсіздер? Ересек, ақыл тоқтатқан адамсыздар ғой. Мұндай сөздерді көбіне ер адамдар жазады. Сіздер осылайша өз қыздарыңыздың өмірін өздеріңіз талқандап жатырсыздар. Тоқтатыңыздар. Мұнымен сіздер өздеріңіздің мықты екендеріңізді көрсетпейсіздер. Бұдан сіздер нағыз еркек немесе патриот болып кетпейсіздер”, – дейдіі желі қолданушысы.

Сергей көпшіліктен халықаралық жұптарды мазаламай, оларға қолдау көрсетуін сұрады.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды