«Мектеп формасының бағасы – 300 мың теңге»: Шоу-бизнес өкілдері балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсайды

Аиса Махамбет Редактор
29.08.2024, 12:32
1365
«Мектеп формасының бағасы – 300 мың теңге»: Шоу-бизнес өкілдері балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсайды stan.kz

Санаулы күндерден кейін алғашқы қоңырау соғылады. Осы орайда Stan.kz тілшісі отандық шоу-бизнесте жүрген көпбалалы аналарға хабарласып, балаларының жаңа оқу жылына дайындығы туралы сұрады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер өкілдері мектепке дайындауға қанша шығын кеткенін айтып берді. 

Отбасылық дуэт Әділ мен Дана да – көпбалалы жанұя. Өнер иесінің айтуынша, бес баласының үшеуі мектепке барады. Былтырғы мектеп формасын биыл балалардың кигісі жоқ екенін жасырмады.                                      

“Балалардың мектепке қажет дүниелерін толық алдық деп айта алмаймын. Бірсыпыра киетін киімдерін алдық. Қалған заттарды да қыркүйек айы басталғанша алуды жоспарлап отырмыз. Бір баланы киіндіруге 100 мың теңгедей кетеді. Үстіне киетін формаларынан бастап, аяқкиіміне дейін жыл сайын аламыз. Былтырғы шығын мен биылғыны салыстыруға келмейді. Жылдан жылға қымбаттап жатыр. Бір-бірінікін де ауыстырып кие алмайды. Өйткені өлшемдері келмейді. Екі қыз, бір ұлымыз – мектеп оқушылары. Екі қыз кейбір киімдерін алмастырып киюі мүмкін. Бірақ мектепке баратын кезде бастан-аяқ киінетіні рас. Базардағы баға қатты қымбат емес. Сауда орталықтарына барсақ, бағаның көтерілгенін көреміз. Бір баланың аяқкиімін 40-50 мыңға аламыз. Ал көпбалалы қарапайым отбасында 3-4 бала мектепке барса, ата-ананың қалтасына кәдімгідей салмақ. Өзіміз балалардың қалаған дүниесін алып беруге тырысамыз”, – дейді әнші. 

Актриса Салтанат Бақаеваның айтуынша, мектепке қажет тауарларды қаланың ішіндегі сауда үйлерінен гөрі, базардан алған көпбалалы отбасы үшін тиімді болады. 

“Былтыр екі баланың оқу құралдарына 50 мың теңге кеткен. Базарға бармай, қаладан алдық. Биыл үш балаға 30 мың теңге кетті. Барахолка базарынан алдық. Бағаларында өзгеріс бар. Базардан алғаннан кейін бағасы да жақсы екен. Өткен жылы қаладағы сауда орталығынан екі балама 300 мың теңгеге мектеп формасын алып едік. Биыл арнайы мектеп формасын тігетін отандық тігін шеберханасынан екі ұлға 26 мың теңгеден сатып алдық. Аяқкиімдерін 21 мың теңгеден, ресейлік брендтен алдық. 1-сыныпқа баратын балама спорттық киімді базардан 15 мың теңгеге алдық. Сөмкелері де ресейлік брендтен, әрқайсысы 15-20 мыңның айналасында шықты. Биыл ақшаны кәдімгідей үнемдедік. Аз қаражат кетті. Бағаларды айтқанымнан-ақ байқалып тұрған шығар. Биыл ақшасы да қалта көтеретін, сапасы да жақсы тауарларды базардан іздеп жүріп таңдадық. Аяқкиімдерін де жақсы бағада алдық. Мектепке толық дайынбыз. Оқу құралдарын базардан алуға кеңес берер едім. Ол жақта таңдау көп, сапасы да жақсы. Бағасы да қолжетімді”, – дейді актриса. 

ММ өнер орталығының негізін қалаушы, продюсер Мөлдір Мұқан жары, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен бес бала тәрбиелеп отырған жанұя. Олардың үшеуі – мектеп жасындағы балалар. 

“Жаңа оқу жылына дайындық жаман емес. Сөздің шыны керек, оқуға бір апта 10 күн қалғанда дайындаламыз. Себебі тамыз айынан бастап, “сабақ, оқу, мектеп” деп балаларды алаңдатқымыз келмейді. Жазғы каникулын асықпай өткізгенге не жетсін?! Алғашқы қоңырауға бір апта қалғанда жылдамдатып, оқу құралдарын алып тастаймын. Балаларымның үшеуі – мектеп оқушысы. Мектеп формасына келсек, қазір балалар тез өседі. Жыл сайын жаңа форма сатып аламыз. Біздің үйдің балалары бір-бірінікін кимейді. Өйткені жас ерекшеліктері әртүрлі. Сол үшін жыл сайын сәнді мектеп формасын алуға тырысамыз. Оқу құралдарын алу үшін 60 мың теңге жұмсаймыз. Әкесі екеуіміз екі жақтан табыс тауып жатқандықтан, қалтамыз көтермейді деп айтқан ұят шығар. Бірақ оқу құралдарына келгенде ақша аямаймыз. Балалардың қалаған затын алып береміз. Оған қанша кететінін нақты айта алмаймын”, – дейді продюсер. 

Сонымен қатар “Күміс алқа” иегері, шоу-бизнестегі көпбалалы отбасылардың көшін бастап тұрған Қарақат Әбілдина балаларының жеке мектепте оқитынын айтты. 

“Біздің балалар баратын мектепте формадан бастап, оқу құралдарына дейін оқу ақысына кіреді. Барлығы сол мектептен беріледі. Біз балаларымыздың болашағы үшін осы мектепті арнайы таңдадық. Оқу бағдарламасы және тәлім тәрбиесі көңілімізден шығады. Бірінші ұлымыздан бастап, бәрі осы мектепте оқып жатыр. Ең бастысы – қауіпсіздігі. Ортаның дұрыс қалыптасуы да бала өмірі үшін маңызды. Бәрінің бір мектепке барғаны өзімізге де ыңғайлы. Бірақ оқу ақысын сол мектептің өзінен біле аласыздар. Өйткені әр сыныптың оқу ақысы әртүрлі. Қай балама қанша төлейтінімді нақты айта алмаймын, бірақ аз ақша кетпейді”, – деді Қарақат. 

Айта кетейік, өнер иесінің балалары білім алатын мектептің оқу ақысы 7-11-сыныптар үшін 3 миллион 960 мың теңге. 655 мың теңге үш мезгіл тамағы үшін бөлек төленеді. Жұлдызды жұптың қыздары Аяла 2-сыныпқа көшті. Оған 4 миллион 180 мың теңге төлейді. 655 мың теңге оқушының үш мезгіл тамағы үшін қосымша төленеді. 

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды