Қызылордада TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған екеу енді көше сыпырады

30.08.2024, 15:14
885
Қызылордада TikTok-та заңсыз ойын ұйымдастырған екеу енді көше сыпырады Zuma\TASS

Қызылордада әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған екі адам сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде әлеуметтік желіде заңсыз ойын ұйымдастырған екі адамның жолын кесті.

Күдіктілер 2023 жылдың қыркүйек айынан бастап ТікТок әлеуметтік желісі арқылы желі қолданушылары арасында «Зарик» заңсыз құмар ойынын ойнатқан.

Бәс тігу мөлшері 3 000 теңге және одан жоғары сомада болған. Қаржыны күдіктінің бірі өзінің қылмыстық ойынан бейхабар әкесі мен анасы, әйелінің есепшотына қабылдап отырған.

«Сотталушылар 2023 жылғы 1 қыркүйек пен 2024 жылғы 28 мамыр аралығында 12 031 371 теңге iрi мөлшерде табыс тапқан. Тергеу барысында күдіктінің бірінің үйіне тінту барысында 5 ұялы телефон, 1 калькулятор, үстел бетінен ойыншылардың тізімі және аккаунттар жазылған парақтар табылды. Сондай-ақ TikTok жазуы бар 2 қауашақ, ойын картасын тарату аппараты және өзге де заттар тәркіленді. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін екі адамның Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі 2,3-тармағымен мүлкін тәркілеусіз 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығы шектеліп, 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды», — деп мәлім етті ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды