«Бомжсың ба?»: Атырауда блогерлердің кесірінен күзетші көз жұмды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
30.08.2024, 15:55
852
«Бомжсың ба?»: Атырауда блогерлердің кесірінен күзетші көз жұмды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Атыраудағы “Мемлекеттік сараптама орталығы” мемлекеттік мекемесінің күзетшісі жұмыс орнындағы оқиғаға байланысты басына қан құйылып көз жұмған. Бұл туралы заңгер Айнұр Балакешов мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиғаның видеосын қорғаушы Айнұр Балакешова өзінің желідегі парақшасында жариялады. Марқұм мекеме күзетшісі Хәкім Иманиязов 56 жаста болған.

“Мемлекеттік сараптама орталығына” өздерін блогермін деп таныстырған бірнеше адам келіп, бірқатар заң бұзушылықтарды айтып, телефон камерасына түсіреді. Мемлекеттік тудың жоғына, турнекеттік жұмыс істемейтініне шағымданып, мекеме басшысын шақыртқан.

Мемлекеттік органға кіргісі келген блогерлер жолын бөгемек болған күзетшіге дауыс көтеріп, артынша балағаттаған. Видеодан ер адамның күзетшінің аяқ киіміне тиісіп, “сен бомжсың ба?”, “сен кімсің?”, “сен еркек емессің, белдемше киіп ал” дегенін естуге болады. 

“Атырауда "Мемлекеттік сараптама орталығы" мемлекеттік мекемесінің күзетшісін өздерін блогер деп атаған келушілер балағаттап, салдарынан күзетшінің денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдем шақырылып, бірнеше аптадан кейін ол көз жұмды”, – делінген заңгердің жазбасында.

Марқұм күзетшінің артында жұбайы, екі ұлы мен қызы қалды.

Заңгердің айтуынша, марқұм күзетшінің әйелі Мариям жұмыста жүрген күйеуін қорлағандардың қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын қалайды.

Оқиғаға қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады.

"Атырау қалалық полиция басқармасы тарапынан желіде таратылған фактіге қатысты тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта мән-жайлар анықталуда. Дегенмен, аталған фактіге қатысты бұдан алдын ешқандай арыз-шағымдар түспегенін хабарлаймыз”, – делінген полиция хабарламасында.

Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды