«Дірдектеп тоңып отырмыз»: Ақтөбе облысында тасқыннан үйсіз қалған тұрғындар киіз үйде түнеуге мәжбүр

Аиса Махамбет Редактор
30.08.2024, 18:32
656
«Дірдектеп тоңып отырмыз»: Ақтөбе облысында тасқыннан үйсіз қалған тұрғындар киіз үйде түнеуге мәжбүр бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбе облысында тасқыннан үйсіз қалған тұрғындар киіз үйде түнеуге мәжбүр. Бұл туралы “Информбюро” жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жаз бойы киіз үйде тұрып келген халық қара суықта далада қаламыз деп алаңдап отыр. Үйлердің құрылысы соңғы аптада күрт тоқтаған.

Қараталда қираған 126 үй қайта салынуы тиіс болатын. Бірақ көбінің мәселесі әлі шешілмеген. Әзірге 38 баспананың ғана қоныс тойы тойланса, қалғаны қаңыраған күйінде қалған дейді ел. 

"Әні келеді, міні келеді деген адамдарға сендік. Сабырлы болайық деп өзімізді ұстадық. Ешқандай нәтиже жоқ. Енді біз қалдық. Дірдектеп тоңып отырмыз”, – дейді Қаратал ауылының тұрғыны Гүлмира Көңілқосова.

"Қазір салқын түсті. Бірақ енде амал жоқ отырмыз. Қайда барамыз? Енді міні балалардың сабаққа баратын уақыты болып қалды. Міні отырмыз”, – дейді тағы бір тұрғын Мәтжан Самбіғалиев.

Күн жылыда амалдап шыққан халық, күздің қара суығында қайда барарын білмейді.

"Осылай тастап кетті. Майланған жоқ. Төбесінің ваталарын да салған жоқ. Аяқсыз қалып түр. Стяжкасы құйылған жоқ. Мына жер бөлінген жоқ ештеңе. Тұр осылай. Кім істейді? Істейтін адам қайда? Қайда паналаймыз? Қай жаққа барып паналаймыз деп отырмыз?” – дейді Гүлзейнеп Оралбаева.

Жауаптылар шалғай елдімекенге құрылыс материалдарының жеткізілу жағы кешіккенімен түсіндіреді. Қазір жұмылдырылған компанияға шаруаны ширатуға, қыркүйектен қалмай елу пайыз жұмысы біткен үйді аяқтауға дем беруге ден салдық дейді.

"12 мердігер компания құрылыстарды қыркүйек айында аяқтауға уәде беріп отыр. Тұрғындар құрылыстың басы-қасында жүр. Кейбір тұрғындар "Жаса компани" мердігерге қатысты шағымдар айтып жатыр. Бұл компания қазіргі уақытта сегіз үй бойынша 50 пайыз жұмыстарын анықтады. Жұмысшылар қатарын арттырды. Мердігерге уақтылы әрі сапалы жасау тапсырмасы қойылды”, – дейді Ойыл аудандық құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Азамат Исмагулов.

Осылайша атқарушы билік тоқтап қалған құрылысқа қайта жан бітті деп сендірді. Айта кетейік, қаржыландыру "Қамқор-Ақтөбе 2024" қоры арқылы жүзеге асуда. Қазірге дейін жалпы Ойық ауданындағы 172 үй қаржыландырылып, 63 баспана ел игілігіне берілді.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты