«Өздеріне қол салмақ болды»: Түркістан облысындағы түрмеде сотталушыларды азаптаған

Аиса Махамбет Редактор
30.08.2024, 19:48
762
«Өздеріне қол салмақ болды»: Түркістан облысындағы түрмеде сотталушыларды азаптаған бейнежазбадан алынған кадр

Түркістан облысы Леңгір қаласындағы №55 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан балаларымызды азаптап жатыр деген ата-аналар шу шығарды. Бұл туралы 31 арнаның жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ата-аналар абақты басшылығы жазасын өтеушілерге күн көрсетпейтінін айтты. Сондықтан түрмедегі жазасын өтеушілер арасында өзіне қол салу жағдайлары жиілеген. 

Түзеу мекемесіндегі сотталушылар туыстарына видеоүндеу жолдап, көмек сұраған. 

“Осы мекемеге келгеніме екі ай ғана болған шығар. Мұнда болып жатқандарды заң аясында деп айта алмас едім. Түрме әкімшілігінен маған болып жатқан заңсыз әрекеттерге төзе алмағандықтан, өзіме дене жарақатын салдым”, – дейді видеоүндеу жолдаған сотталушы.

Кадрлардан сотталушының қарны тілініп, ашық жараның әлі жазылмағанын көруге болады. 

Түрме алдына жиналған ата-аналар балаларының бұған дейін Шымкент пен Қарағандыдағы түзеу мекемелерінде жатқанын, ол жақта мұндай мәселелер болмағанын атап өтті. 

“Менің де бауырым кесіліп отыр. Осы жерден мәйітін алып шықпау үшін арызданып отырған жайым бар. Уақыты тамақ берілмейді. Бір тәулік бойы менің бауырыма тамақ берілмепті. Кездесуге де кіргізбейді”, – дейді сотталушының туысы Әйгерім Қожамжарова. 

Ата-аналардың шағымы бойынша түзеу мекемесінде тексеріс жұмыстары басталды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы қылмыскерлер түрмедегі қатал тәртіпті әлсірету үшін әдейі өздеріне қол салып, шу шығаратынын атап өтті. Олардың мақсаты ел назарын өздеріне бұру дейді жауаптылар.

“Бұлардың мақсаты сотталғандардың ішкі тәртіп ережесін әлсірету мақсатында ұйымдастырылған дерек деп санаймын. Туыстарының айтқаны шынайылыққа жатпайды. Мен және прокуратура тарапынан тексерулер жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда видео бойынша екі күн бұрын қызметтік тексеру тағайындалған. Ол деректерді қазір тексереміз”, – дейді Шымкент қаласы мен түркістан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Ермек Жалғасов. 

Жауапты басшының сөзінше видеоүндеу жолдап, туыстарынан көмек сұраған сотталушылардың барлығы түрме тәртібіне бағынбағандар. Олардың қолына ұялы телефонның қалай түскенін де арнайы комиссия анықтайтын болады.

Айта кетейік ресми ақпаратқа сүйенсек, жыл басынан бері дәл осы колонияда 9 адам өзіне қол салмақ болған екен.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады