Шавкат Рахмоновтың үнсіз видеосы TikTok-та трендке айналды
Қазақстандық файтер биыл чемпиондық титулға қол жеткізе алмайтын секілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC лигасында өнер көрсететін қазақстандық даңқты файтер Шавкат Рахмоновтың TikTok әлеуметтік желісінде жариялаған видеосын миллиондаған адам көріп, мыңдағаны алаңдап пікір қалдырып жатыр.
Небәрі 7 секундтық видеода Шавкат камераға үнсіз қарап тұрады. Ал, видео фонында күңіренген музыка.
Аз уақыттың ішінде бұл ролик кең тарап, TikTok желісінде 277 мың лайк басылған. Сонымен қатар 2,5 млн-ға жуық қаралым жиналған.
«Шавкат бүкіл халық болып, уайымдап отырмыз», «Қысылмай айта бер», «Бірдеңе дегін келе ме?», «Жүрегіміз әлсіз, олай бірден шықпашы», «Қорқытпашы», - деген пікірлер бар. Сондай-ақ, Шавкаттың бұл әрекетін әлеуметтік желіде қайталағандар көп.

Айта кетейік, бұған дейін Шавкат Рахмонов жақын уақытта чемпиондық титул үшін төбелесуге дайын екенін мәлімдеген еді. Алайда, UFC оған чемпиондық жекпе-жекті биыл бермейтін секілді. Отандасымыз соңғы рет октагонға былтыр желтоқсанда шығып, содан бері лайықты қарсылас таппай келеді.
Материал авторы