«Қу ақша не істетпейді?»: Айгүл Иманбаеваның жемқорлық туралы видеосы қызу талқыға түсті

Аиса Махамбет Редактор
31.08.2024, 15:15
1318
«Қу ақша не істетпейді?»: Айгүл Иманбаеваның жемқорлық туралы видеосы қызу талқыға түсті жеке мұрағатынан

Антикор жақсы жұмыс істеп жатыр дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Видео елдегі жемқорлық мәселесі төңірегінде. Аталған жарияланымды желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Бейнежазба орыс тілінде түсірілген. Жарияланымның астында «Елімізде жемқорлық жойылуы үшін, алдымен өзімізден бастайық» деп жазба қалдырылған.

Видеода Айгүл Иманбаева көшеде өтіп бара жатқан жігітті тоқтатып, елімізде дәл қазіргі уақыттағы жемқорлық деңгейі туралы сұрайды. «Сіздің ойыңызша, елімізде қазір жемқорлық азайды ма, көбейді ме?» деген сауалға жауап берген жас жігіт жемқорлықтың ұлғайғанын алға тартады.

«Бұрынғыдан әлдеқайда көбейді. Мәселен, менің құрбым жай ғана мектепке қабылданбай жатыр. Ол үшін де 300 доллар сұрап жатыр», - деп жауап берді жас жігіт.

Содан кейін Айгүл Иманбаева камераны өшіртіп, жігітке керісінше жауап беруді өтінеді де, оның қолына ақша ұстатады. Ал жас жігіт еш ойланбастан келісіп, жоғарыдағы сұраққа басқаша жауап береді.

«Біздің елде қазір жемқорлық едәуір төмендеді. Өйткені Антикор жұмыс істеп жатыр. Жемқорлық – жақсы нәрсе емес. Дегенмен, әр адам өзінен бастау керек. Әлемді өзгерткісі келген адам әуелі өзін өзгертуі керек», - деді жас жігіт.

Ал желі қолданушылары бұл видеоны қызу талқылауда. Көпшілік әртістің видеоны орыс тілінде түсіргені үшін айыптап жатыр.

«Қазақпен қазақша сөйлессеңдерші», «Қазақша сөйлемей ме?», «Ойбай, Айгүл қазақша ұмытып қалған ба?» деген пікірлер жазылды.

Сонымен қатар, желі қолданушылары Айгүлдің осы видеосы арқылы еліміздегі жемқорлық деңгейі анық көрініс тапқанын жарыса жазуда.

«Әй, қу ақша не істетпейді?»,«Жемқорлық көп көп дейміз. Бірақ өзіміз соны істейміз. Бірақ оны мойындағысы келмейді ғой. Жоғарыдағылардың жегенін айта бергенше өзімізден бастайық», «Бұл жігіт жемқорлықты біздің өзіміз жақсы көретінімізді көрсетті», «Жаңа Қазақстан деген сы ма?», «Жігіт емес екенсің. «Еркектің екі сөйлегені өлгені» деген Қазақ Атам. Айгүл сен Баянға еліктеией-ақ қойсай. Баян ол Баян. Сен сахнаңды ойнап. Жүре берсей. «Екі қайықтың басын үстаған суға кетеді» деген Қазақта» сынды пікірлер қалдырылған.

 

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)