Қыркүйек айында ауа райы қандай болады?

31.08.2024, 20:30
1488
Қыркүйек айында ауа райы қандай болады? newtimes.kz

Синоптиктер қыркүйек айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, "Қазгидромет" РМК қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде салқын әрі жаңбырлы болатынын айтты. Айдың басында ғана Қазақстанның батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

 

Қыркүйек айында еліміздің солтүстік бөлігінде жиі жауын-шашын болады деп күтіледі. Арасында 1-3 күн күн ашық болады. Кейбір күндері республикамыз бойынша найзағай ойнап, бұршақ түсіп, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде тұман жиі тіркеледі деп күтіледі, - дейді "Қазгидромет" РМК.

Қыркүйектің бірінші онкүндігінде елдің батысында түнде: +8...+15°С, күндіз: +23...+30°С;

Республикамыздың оңтүстік-батысында түнде: +17...+25°С, күндіз: +28...+35°С, тек жекелеген күндері – сынап бағаны шамалы төмендейді;

Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде: +3...+10°С-тан +10...+15°С, күндіз: +17...+25 °С-тан +22...+27°С аралығында ауытқиды;

Қостанай облысында түнде: +2...+7°С, топырақ беті қатады, +8...+13°С, күндіз: +10...+18°С, +17...+25°С;

Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде түнде: +2...+10°С, күндіз: +8+15°С, онкүндіктің соңына қарай сынап бағаны ақырындап шамалы көтеріледі деп күтіледі;

Республикамыздың шығысында ауа температурасы түнде: +8...+16°С-тан +2+7°С аралығында ауытқиды деп күтіледі, онкүндіктің екінші жартысында күн күрт суытуы мүмкін, күндіз: +12+23°С-тан +17+25°С аралығында ауытқиды;

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз: +22...+30°С-тан +17+23°С-қа дейін төмендейді деп болжанады.

Қыркүйектің екінші және үшінші онкүндіктерінде республикамыздың солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде сынап бағаны +3...+8°С көрсетеді, жекелеген аудандарда күн күрт суытуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +12...+19°С-тан +21...+26°С-қа дейін қызады;

Еліміздің батысында және оңтүстік аймақтарында ауа температурасы түнде: +7...+15°С, айдың екінші жартысында топырақ беті қатуы мүмкін, күндіз ауа температурасы +25...+35°С-тан +15...+23°С-қа дейін аралығында ауытқиды деп күтіледі.

Қыркүйектің үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады