1028

ШҚО-дағы шахтада үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды

Тас құлап мерт болды.

ШҚО-дағы шахтада үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды
sputnik

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысындағы «Артемьев» шахтасында үстіне тас құлаған жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Kazinform жазды.

1 қыркүйекке қараған түні KAZ Minerals компаниясына қарасты «Артемьев» шахтасында үстіне тас құлап кеткен мердігер ұйымның үңгушісі қаза болды.

«Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссиялар құрылды. KAZ Minerals Тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге қатысу үшін сол жерге келді», - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты. Компания олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетпек.

Еске салсақ, кеше Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында 4 адам қаза болғаны хабарланған. 

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс» шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. 

Материал авторы