«Колхоз просто»: Баян Алагөзова Алматы көшелерінің біріндегі олқылықтарды көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
01.09.2024, 17:15
1529
«Колхоз просто»: Баян Алагөзова Алматы көшелерінің біріндегі олқылықтарды көрсетті жеке мұрағатынан

Қаланың қақ ортасындағы олқылықтар продюсердің ашуына тиді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі продюсер Баян Алагөзова Алматы көшелерінің бүгінгі ахуалын көрсетті, деп Azattyq Rýhy жазды.

Түнгі уақытта серуенге шыққан продюсер қаланың қақ ортасындағы көшелерде жарықтың жоғын айтып, шағымданды.

«Біз жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы.Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма? Колхоз просто. Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті», - деді Баян Мақсатқызы Instagram-сторисінде.

Сонымен қатар, продюсер осы аудандағы суағарлардың қирап жатқанын да көрсетіп, ешқандай жауапкершіліктің жоқ екенін тілге тиек етті.

«Алысқа барудың қажеті жоқ, қаланың қақ ортасындағы жағдай осындай, қаланың шет жағында не болып жатқанын тіпті елестете де алмаймын», - деді ол.

Одан бөлек Бөгенбай батыр мен Төлебаев көшелерінің қиылысындағы тротуарға төселген плиталардың да қирап жатқанын көрсетті.

«Ақша бөлінеді, жұмысшыларға ақша төленеді. Бірақ нәтижесі мынадай. Мына бассыздық үшін кім жауап береді? Қайда шағымдану керек?», - деп ашуланды продюсер.

«Өтірік іш салып алған»: Жұлдыз Әбдікәрімова суррогат ана туралы шындықты айтты «Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО) Көпбалалы ана Айгүл Иманбаеваға ырымдап бриллиант білезігін сыйға берді (ВИДЕО) Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды