Терактінің алдын алуға көмектесті: Павел Дуров француз барлау қызметтерімен ынтымақтастық туралы айтты

01.09.2024, 19:19
1319
Терактінің алдын алуға көмектесті: Павел Дуров француз барлау қызметтерімен ынтымақтастық туралы айтты AP Photo

Павел Дуров жауап алу кезінде Францияның ішкі қауіпсіздік бас басқармасының (DGSI) қызметкерлерімен байланыста болғанын айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, терактімен күресу үшін олар сенім телефоны мен арнайы электронды мекенжайы бар ресми байланыс арнасын ашқан. Кейін бірнеше лаңкестік әрекеттің алдын алуға септігін тигізген.

Сондай-ақ Дуровтың Telegram тек лаңкестікпен күресумен шектеліп, байланыс арнасын теріс пайдалануы мүмкін болғандықтан, басқа қызметтермен жұмыс істеуден бас тартқанын айтқан.

Басылымның мәліметінше, Дуров Дубайда DGSI өкілдерімен кездесіп, әскери құпияны құрайтын мәліметтерді жария етудің орынсыз екенін түсіндірді.

"Ұсталғаннан кейін Дуров диалогқа ашық болып, полицияға ұялы телефонына кіру кодын берді", – деп жазады басылым.

Айта кетейік, Франция азаматтығын алған 39 жастағы миллиардер Павел Дуров 24 тамызда сағат 20.00 шамасында Ле Бурже әуежайының ұшып-қону жолағында ұсталды. Дуров Францияда іздеуде болды. Оған сот полициясының Ұлттық басқармасы алдын ала тергеудің негізінде іздеу жариялаған.

Париж прокуратурасы Павел Дуровқа қарсы ұйымдастырылған алаяқтық, мемлекеттік органдарға заңмен рұқсат етілген телефондарды тыңдау үшін ақпарат пен құжаттарды беруден бас тарту, кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін тарату және есірткі саудасы сияқты 12 айыпты тізіп берді.

Париж сотындағы тыңдаудан кейін Telegram негізін қалаушыға айып тағылып, сот бақылауымен босатылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды