«Қазгидромет» бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жариялады

02.09.2024, 09:15
694
«Қазгидромет» бүгінгі ауа райына байланысты ескерту жариялады ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай мен жаңбыр жауады, елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі.

Республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен-жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі. ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақмола, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус аяз күтіледі.

Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысыныңбатысында, Атырау облысының орталығында, шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды