1072

Астанадағы мешіттердің бірінде пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін ұшырды

Үсті-басы қан психикалық ауытқуы бар адам мешітте ұсталды.

Астанадағы мешіттердің бірінде пышақ ұстаған ер адам жұрттың зәресін ұшырды
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сарыарқа ауданындағы мешіттердің бірінде полиция пышақ ұстаған ер адамды ұстады.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан үсті-басы қан адамның пышақ ұстап, полиция қызметкерлерін өзіне жақындатпай тұрғанын байқауға болады. Оқиғаға қатысты Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады. 

Қолында өзі жасаған пышақ болған ер адам ұсталды. Ол 2006 жылдан бері нейропсихиатриялық диспансерде есепте тұрады, жасы - 36-да. Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды, - дейді Астана ПД.

Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.

Материал авторы