Юлия Путинцеваның ерсі қылығы жанкүйерлердің ашуын тудырды (ВИДЕО)

02.09.2024, 17:41
804
Юлия Путинцеваның ерсі қылығы жанкүйерлердің ашуын тудырды (ВИДЕО) жеке мұрағатынан

Путинцева деген кім өзі деп ызаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, US Open турнирінің үшінші айналымында жеңіліп қалған қазақстандық Юлия Путинцеваның ерсі қылығы көпшіліктің ашуын туғызды. Ол италиялық Ясмин Паолинимен болған ойында көмекші қыздың берген добын қабыл алмай қойған.

Аталған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде тарап, бүкіл әлемдегі теннис жанкүйерлерінің талқысына түсті. Көпшілік қазақстандық теннисшінің әрекетін қатаң сынаған.

«Путинцева деген кім өзі? Бол-герлға өте ерсі қылығын көрсетті», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.

Артынша Путинцеваның өзі Instagram-парақшасы арқылы көпшіліктен кешірім сұрап, не үшін мұндай әрекетке барғанын түсіндірді.

«Шынымды айтсам, мәселе ол қызда емес еді. Мен уыстан шығарып алған брекй-пойнт пен жеңіліп қалған гейм үшін қатты ашуландым. Ашуланғаным сонша, айналада не болып жатқанына мән бермедім. Балалардың бәрі өз жұмысын өте жақсы атқарды», - деп жазды Путинцева.

Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтады.

 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады