«Той жасауды әбестік көрдік»: Айгүл Иманбаева ұлының тойын жасап бермеген

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2024, 15:15
1422
«Той жасауды әбестік көрдік»: Айгүл Иманбаева ұлының тойын жасап бермеген жеке мұрағатынан

«Мен оны шын сүйемін, оның құшағында оянғым келеді» деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Айгүл Иманбаева ұлы Асылжан Әбдімүтәліге не себепті үйлену тойын дүркіретіп жасамағанын ашып айтты. Өнер иесінің сөзінше, баласы атасының қазасынан кейін үйленуге ниет білдірген. 

Айгүл Иманбаева отбасы туралы жан сырын "Сырласу" бағдарламасынада ақтарған. Эстрада жұлдызы көпшілік көкейінде жүрген сұраққа жауап беріп, жалғыз ұлына неге той жасамағанын түсіндірді. Әнші әкесі қайтыс болған соң, қазалы күйде той жасағысы келмегенін айтты. 

"Әкемнің жерлеуіне үлгермегесін, жетілігін өткізгеннен кейін, ұлым үйленгісі келетінін айтты. Оның алдында да айтып жүрген. Жалпы, баламмен ашық сөйлесіп, не нәрсе болса да талқылаймыз. Әкемнің қазасынан кейін ашық айтты. 

"Мен оны шын сүйемін, оның құшағында оянғым келеді" деді. Тура осылай айтты. Содан келісім бердім. Екі күннен кейін қыз жақтың анасымен таныстым. Бірақ қазақтың салтында бар дүниеден аттап кетпедік.

Бүкіл жұртты шулатып, той жасауды әбестік көрдік. Қазалы күйде той жасағымыз да келмеді. Сәбит-Динарамен де ақылдастық. Ауылдан өзінің ата-әжесін алдырдық. Бас-аяғы бір аптаның ішінде екі жақтың ет жақындарын жинап, құдалық пен екі күнде беташарын өткіздік. Елге белгілі мәдениет саласының үздігі Алмахан Мұхаметқалиқызы құдағиым болып шықты. Сол кісіні көргеннен кейін, келінімнің қандай жерден шыққанына титтей де күмән болмады. Батамды бердім", - деді Иманбаева.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды