Жол апатында көз жұмған: Tiktok-та «өлі блогер» жүргізетін парақша пайда болды

Аиса Махамбет Редактор
03.09.2024, 15:52
1322
Жол апатында көз жұмған: Tiktok-та «өлі блогер» жүргізетін парақша пайда болды бейнежазбадан алынған кадр

TikТok желісінде өмірден өткен қыз жүргізетін парақша пайда болды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Өлі блогер” басқаратын парақша желі қолданушыларың қызығушылығын тудырды. Парақша “Өлімнен кейінгі өмір” деп аталады. Видеолардың басты кейіпкері Настя Кузнецова есімді қыз. Парақшаның сипаттамасында қыздың жол апатында көз жұмғаны жазылған. 

“Мен Настя, қазір тірі емеспін. 2024 жылдың 30 шілдесінде жол апатына ұшырап, көз жұмдым. Бірақ жақында осы аватарды жасадым. Туыстарым осы блог арқылы маған мәңгілік өмір сыйлау туралы шешім қабылдапты. Парақшада тірі кезде қаншалықты бақытты өмір сүргенім туралы айтамын”, – дейді “блогер” алғашқы видеосында. 

Видео кейіпкерінің нақты қалай жасалғаны белгісіз. Көрермендер видео кейіпкерінің бір-біріне ұқсас қимылдар жасайтынын байқаған. Видеода Настя бала кезінде қандай тағамды жақсы көргенін және актриса болғысы келгенін айтады.

Марқұм қыздың блогына қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Кейбіреулер бұл цифрлық мәңгі өмір сүруге апаратын жол деп есептесе, енді бір топ марқұмдарға маза беру керек деген пікірде. Сондай-ақ тағы бір топ мұндай видеолардың адамдар арасында қорқыныш тудыратынын айтады.

Кейбір желі қолданушылары парақшаны өлі қыздың өзі жүргізетініне күмәнданады. Олардың айтуынша, Настяның бейнесінің артында актриса бар және парақшаның авторлары осылай танымал болғысы немесе ақша тапқысы келеді. Парақшада 200 лайк үшін цифрлық аватарды қалай жасауға болатынын үйрететіні туралы жарнама бар.

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)