1430

Баян Алагөзова жаңа туған сәбиіне фотосессия жасатты

50 жаста үшінші және төртінші сәбилері дүниеге келген продюсер фотосессия жасады.

Баян Алагөзова жаңа туған сәбиіне фотосессия жасатты
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, продюсер Баян Мақсатқызы жаңа туған сәбилеріне фотосессия жасатты.

Ол қызы Алмаға қазақтың ұлттық киімін арнайы тіктірген. Бұл туралы Instagram парақшасының сторизінде бөлісті.

Еске салсақ, 19 тамызда Баян мен Тұрсеннің отбасы тағы бір сәбимен толыққан болатын. Ал 4 тамызда Алиса есімді қызы дүниеге келді.

Баянның айтуынша, Алманы суретке түсіру біраз қиын болған. Оны күйеуі Тұрсен екеуі бірге жұбатып жүргенін байқауға болады.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор