Ақжүрек Таңатаровты жұмыстан қуған шенеунік Астанада жоғары қызметке тағайындалды

04.09.2024, 12:45
989
Ақжүрек Таңатаровты жұмыстан қуған шенеунік Астанада жоғары қызметке тағайындалды Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы

Даңқты балуан Тоқаевтан көмек сұрағанымен, президент оның үндеуіне құлақ асқан жоқ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» мекемесінің бас директорының міндетін атқарушы лауазымына Арман Ташметов тағайындалды.

Ол бұған дейін екі жылдай Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған. Биыл көктемде орнын босатты.

Арман Ташметов көпшіліктің есінде Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровты жұмыстан шығаруымен есте қалды. Даңқты балуан Ташметовтің тұсында Жамбыл облыстық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі басшысы болған. Бірақ Ташметов оны 2023 жылдың сәуір айында қызметінен қуады. Сол кезде Таңатаров ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, үндеу жасаған еді.

Айта кетейік, Арман Ташметов әр жылдары балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде, спорттық клубтар мен Қазақстандағы халықаралық жарыстарды ұйымдастыру дирекцияларында директор қызметін атқарған.

 
Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды