«Дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбеген»: Air Astana қызметкерлері ұшақта Бибігүл Төлегеноваға құрметсіздік танытқан

Аиса Махамбет Редактор
04.09.2024, 15:37
1700
«Дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбеген»: Air Astana қызметкерлері ұшақта Бибігүл Төлегеноваға құрметсіздік танытқан бейнежазбадан алынған кадр

Желі қолданушылары Air Astana әуекомпаниясының президенті Питер Фостердің атына үндеу жолдап, дөрекі қарым-қатынас жасағаны үшін халық әртісі Бибігүл Төлегеновадан кешірім сұрауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 3 қыркүйек сағат 10:30-да Астанадан Алматыға ұшатын Air Astana әуекомпаниясының 852-рейсіне  әнші, КСРО халық әртісі және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова қызымен мінген. Желі қолданушысы Лека Савельеваның сөзінше, сол жерде әуекомпания қызметкері әншіге дөрекілік танытқан. 

Әуекомпанияның қызметкерлеріне Бибігүл Ахметқызының омыртқасында ауыр ақау бар екені хабарланған. Арбаға таңылған актрисаны қызы ертіп келе жатқанда, оларды кенеттен Air Astana қызметкері тоқтатып, арбадағы жолаушылар бірінші немесе соңғы болып, бәрі өткенше күтуі керек деп айтқан.

"Бибігүл Ахметқызы ұшақ бортына мүгедектер арбасымен жетуі керек еді, содан кейін ол басқа жолаушыларға кедергі жасамай, екінші қатардағы орнына өз бетімен отырғысы келді. Сол кезде жолаушыларға да кедергі жасамай, өзі де күтпей, еш кедергісіз, жылдам жетер еді. Бірақ қызметкер оны бортқа өткізбей қойды", – деді желі белсендісі.

Сөзінше, қызметкер Бибігүл Төлегеновамен дөрекі сөйлесті.

“Қызметкер Төлегенованы танитынын, бірақ ереже бойынша ешкімнің мәртебесі, жасы және лауазымына қарамайтынын айтты. Бастығы кім екенін сұраған кезде, бұл жерде өзі бастық екенін, ал қалған басшылық Алматыда екенін, барлық шағымды сол жаққа айтсын деп айтты”, – деді Лека Савельева.

Савельева Air Astana-дан кешірім сұрап, үлкендерге құрмет көрсетуді үйренуді талап етті.

"Air Astana, сүйікті Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға қатысты жағдайға түсініктемелеріңіз бен кешіріміңізді күтеміз! Әр жолаушы құрмет пен сыйға лайық. Немесе сіздің ережелеріңіз басқа ма? Айтыңызшы, аға ұрпақты осы надандықтан қалай сақтай аламыз? Оларды қалай қорғай аламыз? – деп жазды Лека Савельева.

Әуекомпанияның баспасөз қызметі жағдайға пікір білдірді.

"Халықаралық авиациялық қауіпсіздік ережелеріне сай, мүмкіндігі шектеулі жолаушылар бортқа ең бірініші немесе ең соңғы болып мінеді. Бұл ереже барлық жолаушыны отырғызу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар терминалдан эвакуациялау ережелерімен анықталады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, халық әртісі Бибігүл Төлегенова ханым және оның қызы отырғызу басталғаннан кейін келген, сондықтан әуекомпанияның агенті отырғызу аяқталғанша күтуді сұраған. Компания түсініспеушілік болғанына өкінеді және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында бұл іске қосымша тексеру жүргізеді", – деп хабарлады Air Astana.

Постқа Қымбат Хангелдина, Нүркен Әшіров, Төлеген Мұхамеджанов, Нұржан Бажекенов, Елдияр Данияров сынды танымал өнерпаздар пікір білдірді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды