«Дайын болмады»: Ерке Есмахан мен Раймның Америкадағы концерті кейінге шегерілді
Танымал әнші Ерке Есмахан мен Раймның Америкада өтеді деп жоспарлаған концерті кейінге шегерілді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иелері қыркүйекте Американың төрт қаласында концерт берулері керек еді.
“Айтпақшы, АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір", – деді Ерке Есмахан.
Еске салайық, осыған дейін эстрада жұлдыздары концертінің билет бағасын жариялаған еді.
Американың Нью-йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Хьюстон қалаларында өтетін концерттің билеті 55-75 доллар шамасында. Алайда алдағы уақытта билеттердің бағасы өзгеріп, қымбаттап кетуі мүмкін екенін хабарланған болатын.
Материал авторы