«Тағы қай көшемен жүрейін?»: Баян Алагөзова көтерген даудан соң жөнделіп жатқан көшелерді көрсетті

Аиса Махамбет Редактор
05.09.2024, 13:31
1337
«Тағы қай көшемен жүрейін?»: Баян Алагөзова көтерген даудан соң жөнделіп жатқан көшелерді көрсетті жеке мұрағатынан

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдардың жөнделгенін көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұған дейін продюсер Алматыда туристер көп жүретін орталық көшелерде жарық жоқ екенін айтып шағымданған еді.

“Мен жұбайыммен қазір қаланың қақ ортасында серуендеп жүрміз. Бұл – Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Қандай қараңғы екенін көріп тұрсыздар ма?! Жай ғана “колхоз”. Ұмытылған, қараусыз қалған жер сияқты. Мына саябақтың салынып жатқанына да бір жарым жылдай уақыт болды. Мүлдем жарық жоқ. Тас қараңғы. Бұл жерде қала қонақтары, туристер көп жүреді. Осындай әдемі қалада тұрып, дәл мынадай сұрықсыз көшелерде жүретініміз өте өкінішті", – деген еді өнер иесі. 

Көп ұзамай орталық көшелердің жөнделіп жатқанын көрсетіп, жұмыс атқарылып жатқанын айтты. 

“Үкімет менің үнімді естіді. Маған қалада жиі серуендеу керек сияқты ғой. Тағы қай көшемен жүріп өтсем екен?", – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Еуроодақ өкілі: АҚШ мұрнын сұққан сайын, Таяу Шығыстағы соғыс ушығып барады «Хайп үшін кісі өлтіруге барады»: Блогердің көше тазалаушыларды қорлағаны жұрттың ашуына тиді «Халықты қауіпті топ деп ойлап қалыппыз»: Гуманитарлық көмек күткен 50-ден астам палестиналық қаза тапты Ақтауда ер адам дүкенші әйелді ұрғаны үшін сотталып кетті (ВИДЕО) Енді Еуропарламент жасанды интеллект жасаған бала порнографиясын қылмыс санайды Автобус апатында екі аяғынан айырылған қызға өмір бойы 100 мың теңге беріледі Еурокомиссия Ресейдің мұнайы мен газынан түбегейлі бас тартуды жоспарлап жатыр Елена Рыбакина туған күнінде жеңіспен елді қуантты «Жаппай Каспийге бет алды»: Израиль шабуылынан кейін мыңдаған адам Ираннан қашуда Өңірлерде өрт қаупі жоғары Шымкентте жігіт сөйлесіп жүрген 17 жастағы қызды азаптап, мәйітін қорлады «Әлі атақ бермеген»: әртістер Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетті «Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған Raim келіншегі Ерке Есмаханды перзентханадан шығарып алды «Сүйген жүрек» клипіндегі жігіт 20 жылдан кейін Мадина Сәдуақасоваға тосынсый жасады Сириялық дәрігер Асадтың режиміне сеніп, адамдарды азаптағаны үшін өмір бойына сотталды Мұқағали Мақатаевты қорлаған блогер көліктің кілтін беріп, бостандық алды «Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан Астанада 28 ерекше қажеттілігі бар жасөспірім колледждерде кәсіби даярлық курстарын аяқтады Өзбекстанда жертөледен жасырын медресе ашқан ер адам 10 тәулікке қамалды