«Қорқытып, 77 мың теңге сұраған»: Алматыда таксист үнді саяхатшы-блогердің видеосынан кейін қолға түсті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
05.09.2024, 14:30
1215
«Қорқытып, 77 мың теңге сұраған»: Алматыда таксист үнді саяхатшы-блогердің видеосынан кейін қолға түсті (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Алматыда шетелдік туристің жол ақысын шектен тыс қымбаттатқан такси жүргізушісі ұсталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, оқиға Алматы әуежайында болған.

Үндістандық саяхатшы блогердің айтуынша, такси жүргізушісі одан келісілген сомадан айтарлықтай көп ақша талап еткен. 

"Қазақстанда мені алдап кетті. Бұл менің басымнан өткен ең сорақы оқиға. Түн ортасы шамасында Алматыға келдім. Әуежайдан SIM-карта алып, таксиге тапсырыс беруді ұйғардым. Бірақ таңғалғаным, әуежай іші бос. Әрі қарай не істеу керегін ойланып тұрғанымда, бір жігіт келіп: “есептегіш арқылы такси брондағыңыз келе ме” деп сұрады. Мен Вьетнамда есептегіш арқылы алаяқтыққа тап болдым. Сондықтан оған күмәнмен қарап, бағасын сұрадым. Ол “1000 теңге” деді. Сондай-ақ ол такси компаниясында жұмыс істейтінін айтып, жеке куәлігін көрсетті. Ол заңды түрде жұмыс істеп жатқанын айтты. Ол адам өте сүйкімді болды. Көлігінің әйнектері қараңғыланған. Қазақстанда кәдімгі такси қызметі осындай болады деп ойладым”, – деді тревел-блогер Комал Махешвари Instagram парақшасында.

Блогер көлікке мінген соң артқы орындықта отырған екі жолаушыны байқаған. Дегенмен, оларға мән бермедім дейді. Межелі жерге жеткенде жүргізуші 77 мың теңге сұрапты.

Махешваридің айтуынша, ол төлеуден бас тартқан кезде жүргізуші ашуға булыққан. Келіссөздерден кейін Махешвари жүргізушіге 30 мың теңге төлеген.

Полиция мәліметінше, ер адам жеке құжатсыз көлік жүргізушісі қызметімен айналысқан. Ал қамауға алу кезінде полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындамаған. 

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен такси жүргізушісі 15 тәулікке қамауға алынды.

Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды Пәкістан мен Ауғанстан арасында қақтығыс басталды Путин Назарбаевпен кездесу өткізді Түркияда қазақстандық мұғалім әріптесін зорламақ болған Сәкен Майғазиев ұлының тойына 2000 адамды қонаққа шақырған (ВИДЕО) Декреттегі мұғалім өзінің екі баласын тұншықтырып өлтірген Қайрат Сатыбалдыдан тәркіленген сақ алтындары Ұлттық мұражайға берілді