Бірнеше өңірде үсік жүреді: 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

06.09.2024, 09:15
707
Бірнеше өңірде үсік жүреді: 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы ашық дереккөзден

Бүгін ауа райы қандай болады?

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазгидромет 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Ақтөбе облысының солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екіпіні – 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Областың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жөғары өрт қаупі сақталады.

Алматыда күннің соңында найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады