Көшпелілер ойындарының ашылу салтанаты қалай өтеді

06.09.2024, 10:33
1265
Көшпелілер ойындарының ашылу салтанаты қалай өтеді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

3 000-ға жуық өнерпаз қатыспақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада Орталық Азия көшпелі халықтарының дәстүрлерінен бастау алатын ұлттық спорт түрлеріне арналған V Дүниежүзілік көшпелілер ойындары өтеді.

Іс-шара Қазақстанның мол мәдени және тарихи мұрасын көрсету үшін маңызды алаңға айналады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл басынан бері ойындардың ашылу салтанатына белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Ведомство дерегінше, іс-шараға ведомстволық бағынысты ұйымдар мен облыстық шығармашылық ұжымдарды қоса алғанда, 3 000-ға жуық өнерпаз қатысады.

8 қыркүйек күні сағат 16:00-де Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының ашылу салтанаты алдында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Бағдарламада музыка, би және дәстүрлі өнер арқылы қазақ мәдениетінің сан алуан байлығы көрермен назарына ұсынылады. Концерт аяқталғаннан кейін ресми ашылуы сағат 19.00-де басталады. Ашылу салтанатында заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі, - делінген мәліметте.

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының басты тақырыбы  «Ұлы дала дүбірі» ұраны болмақ. Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді. Көрермен үшін Jibek Joly телеарнасында тікелей эфир ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік көшпелілер ойындары көшпенді халықтардың ұлттық спорты мен мәдени мұрасын насихаттауды мақсат етеді. Алғашқы ойындар 2014 жылы Шолпан-атада (Қырғыз Республикасы) өтті. Содан бері екі жылда бір рет ұйымдастырылып келеді. Көптеген спортшылар мен көрермендер қатысатын бұл іс-шара көшпенді мәдениеттің жаһандық маңызын көрсетеді.

Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды