«Димашпын, Димаш емеспін» деп ештеңе айта алмаймын»: бетпердедегі қайырымды жігіт сұхбат берді

06.09.2024, 15:34
4567
«Димашпын, Димаш емеспін» деп ештеңе айта алмаймын»: бетпердедегі қайырымды жігіт сұхбат берді жеке мұрағатынан

Человек в маске өзінің кім екенін айтты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген белсенді, «Человек в маске» қорының өкілі Halyq Uni тілшісіне сұқбат берді.

Ол көпшілік жиі қоятын сұрақтарға жауап беріп, қайырымдылық жасаумен айналысуға не түрткі болғанын айтты.

Ер адамның айтуынша, маска мен көзілдірік тағып, мұқтаж жандарға көмектесу идеясы 2020 жылы пайда болған. Сол жылы әкесі инсульт алып, өмірінде үлкен өзгеріс болған.

Халық арасынан шыққан батырлар туралы тарихты жақсы көремін. Қаһармандар туралы фильмдер, мультфильмдерді көріп өстім және бала кезден солар сияқты болғым келді. 2020 жылы әкем инсульт алып, дәрігерлер денсаулығы нашарлай беретінін айтты. Сол сәтте өзімді дәрменсіз сезініп, Алладан көмек сұрай бастадым. Қайырымдылық жасау осылай басталды. Бұл мен үшін бетбұрыс болды. Әкемнің денсаулығы түзелді. Жүру, сөйлеу, жазуды – бәрін басынан бастадық. 5 жыл ішінде өзімді іздедім, түрлі салада жұмыс істедім. Қолымда мүмкіндік болса, немен айналысар едім деген сұрақ қойдым. Бұл сұрақтың жауабы – спорт пен қайырымдылық болды, - дейді ол.

Сол кезде бала арманы есіне түсіп, қайырымдылықпен айналысуды бастаған.

Жалпы көпшілік маска таққан жігіт Димаш Құдайберген болуы да мүмкін деген пікір айтады. Дауысы мен сырт келбетін ұқсатады. Ер адамнан бұл туралы да сұрадық. Маска таққан жігіт «Димашпын, Димаш емеспін» деп ештеңе айта алмаймын», деп қысқа қайырды.

Айтуынша, мұқтаж жандар өздері жазып көмек сұрайды. Тіпті әр өңірде ақпарат беріп отыратын еріктілер де бар. Қазақстандықтар арасында қайырымдылық жасап, қаражат аударатындар көп. Шетелдіктер де үнемі қолдап отырады.

Ол елімізде көмекке мұқтаж азаматтың көп екенін айтады. Халық арасында несие алып, қарызға батқандар жиі көмек сұрайды.

Көмек сұрайтындардың дені қарызға батып жүргендер. Жалпы халқымыздың қаржылық сауаттылығы төмен, біз соған көңіл бөлуіміз керек. Әрине, өмірде әртүрлі жағдай, әртүрлі тағдыр болады. Маска мен көзілдірікті өмірімнің соңына дейін шешпеймін. Кім екенімді ешқашан айтпаймын, - дейді ол.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды