«Бұған дейін де қызымды өлтіріп қоя жаздады»: Күйеуі 10 рет пышақтаған Әл-Бейненің анасы сотта куәлік берді (видео)

Аиса Махамбет Редактор
06.09.2024, 20:31
839
«Бұған дейін де қызымды өлтіріп қоя жаздады»: Күйеуі 10 рет пышақтаған Әл-Бейненің анасы сотта куәлік берді (видео) бейнежазбадан алынған кадр

6 қыркүйекте Алматыда күйеуі 10 рет пышақ сұғып өлтірген Әл-Бейне Зарипованың өлімі бойынша сот отырысы өтті. Сотта марқұмның анасы мен інісі куәлік берді. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 31 қаңтарда 43 жастағы Әл-Бейне Зарипованың мәйіті үйдің жертөлесінен табылды. Іс-материалдары бойынша, оның 15 жыл некеде болған күйеуі Сабыржан Зарипов оған 10 рет пышақ жарақатын салып өлтіріп, артынша телефонынан өз шотына 4 миллион 700 мың теңгені аударып алған. Содан соң барлық құжатты алып, 12 жасар қызын өз әпкесінің үйіне апарып тастаған.

Қазір іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы “Адам өлтіру” және 175-бабы “Ұрлық” бойынша қаралып жатыр. 

“31 қаңтарда түнгі сағат 3:30 шамасында Сабыржан Зарипов Алматы әуежайында Дубайдан ұшып келген әйелін күтіп алып, оны үйіне апарған. Үйдің екінші қабатында ерлі-зайыпты жыныстық қатынасқа түскен. Содан кейін Зарипов әйелінен Дубайда болған кезде оның қоңырауларына неліктен жауап бермегенін сұрай бастады. Әйел Пономарев есімді жігітпен отбасы құрып, ажырасқысы келетінін айтқан. Кәмелетке толмаған қызы екінші қабатта ұйықтап жатқандықтан, сөйлесу үшін қазандықтар орналасқан жертөлеге түсіп кеткен. Зарипов әйеліне “ұялмайсың ба?” деген, әйелі жауап қатудың орнына күлімсіреп қойған. Сол кезде Зарипов әйеліне бірнеше пышақ жарақатын салып, пышақты денесінен шығармай үйден кетіп қалған”, – делінген прокурор актісінде.

Сотта айыпталушы Сабыржан Зарипов кінәсін ішінара мойындады. Ол адам өлтіргенін, бірақ мұны “қасақана емес, аффект жағдайында” істедім дейді. Сондай-ақ ақшаны ұрлау ниеті болмағанын айтады.

Жәбірленушілер сотта куәлік берді. Әл-Бейне – Мағжан Байсейітованың жалғыз қызы, одан бөлек 4 ұлы бар.

“Сотталушы әйелін жақындарынан алшақтатуға тырысты”

Сөзінше, Әл-Бейне мен Сабыржан 3 жыл азаматтық некеде болған, себебі Зарипов заңды түрде үйленгісі келмеген, той жасауға да қарсы болған. Әрі үйлене сала, Әл-Бейнені бәрінен оқшаулап, құрбы-құрдас, тіпті отбасымен араласуға тыйым салған көрінеді. Қызы мен анасы сырласқан кезде Әл-Бейне күйеуінің шектен тыс шектеу қойып, үнемі оны бақылап отыратынын, мұндай тексерістерден шаршағанын айтыпты. Тіпті жұмыста отырып қалғаны үшін кеңсеге келіп, шу шығарған сәттер болды дейді.  

“Қызым екеуміз тығылып сөйлесетінбіз, ол жоқ кезде ғана қоңырау шалатын. Алматыға келген кезде де, қызымның үйіне бармай, басқа үйде немесе кафеде кездесетінбіз. Себебі Сабыржан үйге келгенімізді жақтырмайды”, – деді марқұмның анасы.

Айтуынша, Сабыржан Зариповтың мінезі өте ауыр, көпшілікпен сыйыспай, жұмысынан бірнеше рет шығып кеткен. Сол үшін Әл-Бейне ғана жұмыс істеп, отбасын асыраған. Күйеуіне жеке кәсіпкерлік ашып берген. Тіпті қызын босанғаннан кейін декреттік демалысқа шығудың орнына жұмысқа шыққан.

Фото: Stan.kz

“Әл-Бейне бірнеше жыл тұрмыстық зорлық көрді”

Анасы қызының бірнеше жыл бойы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болғанын айтты. Сөзінше, осыдан 10 жыл бұрын да айыпталушы Әл-Бейнені өлтіріп қоя жаздаған

“Екеуі ақша үшін сөзге келіпті. Әл-Бейне ыдыс жуып тұрғанда артынан сотталушы келіп, қылқындырған. Қызым талып қалыпты. Оянған соң, маған жылап қоңырау шалып, келуімді өтінді, бірақ не болғанын айтпады. Мен Петропавлдан келсем, көзі қанталап тұрды. Одан кейін мойнынан қылқындырған ізді байқадым. Бәрін айтып берді. Мен пойызда келе жатқанда, күйеуі кешірім сұрап, екеуі мәмілеге келіпті. Алайда мен күйеу балама сөйледім, “біреудің қызын ұрушы болма, сенің қандай қақың бар?” деп ескерттім. Ол өзінің тәкәппарлығын көрсетіп, “біздің мәселеміз, біз бәрін шештік” деп қана айтты. Маған ашуын көрсетті. Мен қызымды алып кеткім келді, себебі бір рет қол көтерген еркек тағы да қол көтереді”, – деді ол.

Алайда Әл-Бейне күйеуіне тағы бір мүмкіндік бергісі келді. Десе де отбасылық өмірінде ешқандай өзгеріс болмады, тыйымдар мен шектеулер жалғаса беріпті. Бұдан кейін де анасы оның арқасы көгеріп тұрғанын байқаған. Сөзінше, Зарипов әйелін баспалдақтан итеріп жіберген. Осыдан кейін 2023 жылы қыркүйекте марқұм ажырасуға бел буған. Десе де айыпталушы келіспей, қызын алып кетуге рұқсат бермеген. 

Мағжан Байсейітова сотталушының жауабын өтірік дейді. 

“Олар жыныстық қатынасқа ерікті түрде түсті дегенге сенбеймін. Себебі олар қанша уақыттан бері бөлек ұйықтайды, Әл-Бейне қызымен басқа бөлмеде ұйықтап жүргенін және күйеуін мүлде көргісі келмейтінін айтатын. Ал “көзіме шөп салды” деген Пономарев – оның сыныптасы. Пономарев – отбасылы адам, екі баласы бар, Ресейде тұрады”, – деді ана.

Ол қызымен соңғы рет сөйлескен аудиохабарламаны қосты, яғни қылмыс болардан бір күн бұрын Әл-Бейне күйеуімен ажырасу, мүлік мәселесін толық шешуге бара жатқанын айтқан. Анасы қызынан “өз хандығыңа келдің бе, әлде өзге хандықтамысың?” деп сұраған. 

“Бүгін Алматыға келемін. Өз хандығыма емес, өз тозағыма барамын. Көңіл-күйім жоқ, ол үйге аяқ басқым келмейді”, – дейді марқұм аудиохабарламада.

Мағжан Байсейітова сотталушы қызын алдын ала дайындалып, қасақана өлтіргеніне сенімді. Сөзінше, оның мәйіті адам көргісіз күйде болған. Тіпті көз жұмса да, қаны ұзақ уақыт тоқтамаған.

“Оны мазақ қылып, денесін тілімдеген. Беті, мойны, төсі, жамбасын пышақтаған. Сүт безі көрініп тұрды. Мәйітті менің әпкем жуындырды. Ол “денесінің сау-тамтығы қалмапты” деп шошып кетті. Тіпті пышақ іздері әлі қанталап тұр деді. Ол үлкен пышақты әдейі алып дайындалған. Бәрін жоспарлап, бәрін қадам-қадаммен жасады”, – деді жәбірленуші тарап. 

Сондай-ақ сотталушы Сабыржан Зарипов Әл-Бейненің өлімінен кейін оның дүниесіне мұрагерлікке мүдделі екенін мәлімдеген. Яғни оның артында қалған мүлікке марқұмның ата-анасы, қызы және сотталушы үлескер болып тұр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ер адам әйелін 10 рет пышақтап, бес миллион теңгесін ұрлап, жертөлеге тастап кетті деп айыпталғанын жаздық. Жәбірленушінің жақындары күдіктінің жазадан оңай құтылып кетуінен қорқып, резонанс тудырғысы келеді.

«Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты