«Директор бақылап отырған»: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера орнатылғаны анықталды

Аиса Махамбет Редактор
07.09.2024, 13:48
1462
«Директор бақылап отырған»: Атырау облысындағы мектептің дәретханасына бейнекамера орнатылғаны анықталды бейнежазбадан алынған кадр

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы орта мектептің дәретханасына бейнебақырау камерасы орнатылғаны анықталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мектеп директоры ақпаратты растап, түсініктеме берді. Бейнекамера мектептің ерлер дәретханасына орнатылғаны анықталды. 

“Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылық орын алуына байланысты қолжуғыштарды түсіретін бейнекамера орнату қажет болды. Алайда оұушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесіп қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын", – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.

Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарма камераның алынатынын және тексеру үшін комиссия құрылғанын атап өтті.

"Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталмыш фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады", – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)