«Asel пеш пен шәйнек сыйлады»: қол күрестен екі дүркін әлем чемпионы неге өкпелегенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
07.09.2024, 19:48
1106
«Asel пеш пен шәйнек сыйлады»: қол күрестен екі дүркін әлем чемпионы неге өкпелегенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Әйелдер арасында қол күрестен төрт дүркін Азия чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Жарқынай Рахымбаева "Уақыт көрсетеді" жобасына берген сұқбатында спорттағы жолы туралы айтып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жамбыл облысының Меркі ауылының тумасы сұхбатында ішінде жанайайқайы мен өкпесі бар екенін бүкпесіз айтқан.

"Көк ту тек екі жағдайда басқа елдерде көтеріледі, президент басқа елге барғанда және спортшы бірінші орын алғанда. Көк туды көтергенде біз неге құрметпен күтіп алуына лайықты емеспіз? Көңілінен шығатындай жасаса дегің келеді, бірақ осыны айтсақ, жеккөрінішті болып қаласың", - дейді ол.

Оның сөзінше, Меркіден қолкүрестен әлем чемпионы болған адам жоқ.

"2018 жылы алғаш рет чемпион атандым. Сосын осы жолы тағы алдым. Алақандай Меркіден шығып, әлем чемпионы болдым. Меркіні әлемге танытқандай болдым деп ойлаймын. Қайда жүрсем де Меркіден екенімді айтып жүремін. Сондықтан осы жаққа келгенде неге елеп-ескермейді екен деген өкініш бар", - дейді спортшы.

Сосын сұхбат алушы оған Asel пеш бергендер кім екенін сұрайды. Жарқынай Рахымбаеваның айтуынша, бұл Азия чемпионатынан келген кезінде Меркі ауданының Бұқаралық спорт басқармасының тарабынан берілген сый. Ал Жамбыл облыстық әкімшілік тіпті шақырмаған. Оның сөзінше, шәйнекті сыйға бергендер де Меркі ауданының басшылығы екен.

Алайда қазіргі таңда спортшыға Меркі ауданының құрметті азаматы атағы берілмек. Бұл туралы спортшының өзіне басшылықтан хабарласып айтқандар болыпты. Бұдан соң журналист спортшыдан Жамбыл облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы шақырды ма деп сұрайды.

"Жоқ, шақырмады. Азия чемпионатынан келгенімізде бір гүлмен күтіп алыпты. Мен ол кездесуге бара алмадым. (...) Бұл спорт түрі Олимпиадаға кірмеген соң ба екен, әлде біздің басшылар сәл бостау ма деп ойлаймын. Олимпиадаға кірмесе де, әлемдік додада ту көтеріп келген адамдар құрметке лайық болуы керек деп ойлаймын. Өзімді ғана айтқым келмейді, Жамбыл облысының намысын қорғаған бәріміз де құрметке лайықпыз деп ойлаймын", - дейді Рахымбаева. 

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген