Ризабек Айтмұхан 24 жылдан кейінгі тарихи алтынды жеңіп алды

08.09.2024, 11:50
997
Ризабек Айтмұхан 24 жылдан кейінгі тарихи алтынды жеңіп алды olympic.kz

Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, еркін күрестен Ұлттық құрама спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 кг) Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында тарихи алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол – еркін күрестен жастар арасында әлем чемпионы атанған төртінші балуан. Осыған дейін Рамзан Муртазалиев (1996 жылы), Әбіл Ибрагимов пен Иосиф Момцелидзе (2000 жылы) әнұранымызды шырқатқан болатын. Міне, кеше ғана араға 24 жыл салып Ризабек Айтмұхан сол сара жолды жалғады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

20 жасқа дейінгі спортшылар арасында 97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады