«Ысырап»: Баян Мақсатқызының киімі 70 млн теңгеге бағаланды

Аиса Махамбет Редактор
08.09.2024, 18:32
1972
«Ысырап»: Баян Мақсатқызының киімі 70 млн теңгеге бағаланды жеке мұрағатынан

Не керек тряпканы бәленбай мыңға алып деді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал продюсер Баян Мақсатқызының киген киімі мен таққан алқа-моншақтарының, сағатының құны белгілі болды. Блогер Жансая Әміршәріпқызы Tiktok желісінде бер реттік киген киімінің құнын айтты.

Блогердің айтуынша, продюсердің үстіне киген джинсалы күртеше «Prado» брендінен. Құны – 925 мың теңге. Майкасы да осы брендтен. Бағасы – 425 мың теңге. Ал туфлиі – «Jimmy choo» брендінен. Бағасы – 800 мың теңге.

Chanel брендінен алған сөмкесі – 2 млн 800 мың теңге. LV бренділі көзілдірігі 280 мың теңге тұрады.

Продюсердің таққан әшекейлері де ерекше қымбат тұрады. Алтынмен жасалып, гауһартаспен әрленген алқасы – Van Cleef зергерлік үйінің өнімі. Бір мотивілі Vintage Allhambra pendant моделі 4 млн 600 мың теңге тұрады. Ал 16 мотивімен 18 млн 700 мың теңгеге бағаланады.

Қолына таққан білезігі Сartier брендінен – 7 млн 350 мың теңге. Сағаты да дәл осы брендтен, 23 млн 350 мың теңге тұрады. Ал жылан формасындағы екі рет оралып, гауһар тастармен көмкерілген сақинасы Bulgari брендінен. Құны – 9 млн теңге.

Сонымен Баян Мақсатқызының бір реттік киген киімінің құны – 68 млн 230 мың теңге.

Tiktok желісінің қолданушылары продюсердің киген киіміне қатысты түрлі пікір білдірді.

«Ысырапшылдық қой, не керек тряпканы бәленбай мыңға алып», «Әр образы пәлен миллион турады, сонда акшаны кайдан алады», «Алып бара жатқан жері жоқ, киімдерінің», «68 млн теңге. Арманымдағы үйді алатын едім ғой», - деп жазды желі қолданушылары.

Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады Қазақстанда электрондық сауда көлемі 3,2 трлн теңгеге жетті – ҚР Сауда министрлігі Alibaba, Wildberries және Halyk Market қазақстандықтарға не ұсынады? Marketplace Dynamics: гипербәсекелестік жағдайында цифрлық платформалармен қалай жұмыс істеу керек?