«Орамалым үшін қатыстырмайды»: Мөлдір Әуелбекова сахнадан шеттетілгенін растады

Аиса Махамбет Редактор
09.09.2024, 13:31
1596
«Орамалым үшін қатыстырмайды»: Мөлдір Әуелбекова сахнадан шеттетілгенін растады жеке мұрағатынан

“Құрмет” орденінің иегері, әнші Мөлдір Әуелбекова сахнадан кеткісі келетінін жасырмады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі кейінгі кезде орамал тағып, намазға жығылған еді. 

“Мені орамалым үшін телевизиялық жобаларға және көптеген концерттерге қатыстырмайды. Енді, ойланып жүрмін, үлкен сахнаның бір бұрышын маған қимай жүргендерге, өзім-ақ сол сахнаны босатып бере саламын-ау…🥹Мен қатысып жүрген бір ғана жоба бар, ол – Cover show! Себебі Мейрамбек Бесбаев ағам шын таланттарды ештеңеге қарамастан қолдайды. Рақмет, жан ағам, ән ағам”, – деп жазды әнші. 

Тыңдарман қауымның пікірі екіге жарылды. Бірі өнер иесін орамалы үшін сөксе, енді бірі әншілікті тастамауын өтінді. 

“Орамал жараспайды, әніңді айтып жүре бер”, “Даусыңыз керемет еді, өнерді тастамаңыз”, “Сәкеннің әйелі сияқты орамал тағу керек, сендердікі – арабтану”, “Демократия жоқ. Заң жүзінде құқығымыз қорғалмаған”, “Сахнаның тәртібіне бағыну керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды