«Ауырып жатқан баланы таксиге салып жіберген»: Ақтөбе облысының тұрғыны 7 айлық баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды

10.09.2024, 15:55
982
«Ауырып жатқан баланы таксиге салып жіберген»: Ақтөбе облысының тұрғыны 7 айлық баласының өліміне дәрігерлерді кінәлайды бейнежазбадан алынған кадр

Ақтөбе облысында жеті айлық ұлынан айырылған әке екі жарым айдан бері аудандық дәрігерлерді жазаға тарта алмай жүр. Оның сөзінше, екі мәрте ота жасалған жалғыз ұлына медицина мамандары дер кезінде көмек көрсетпеген. Тіпті санавиация шақыртудың орнына таксимен тасымалдады дейді. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасы мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екі жарым ай бұрын Арман Жұбанышев жеті айлық баласынан айырылды. Бершүгір ауылының тұрғыны бұған дәрігерлердің салғырттығы себеп болды дейді. Айтуынша, сәбидің тоқ ішегіне екі рет ота жасалыпты. Көп ұзамай баланың қызуы көтеріліп, денсаулығы нашарлаған екен. Бірақ сол сәтте дәрігерлер науқасты әрлі-берлі тасып, уақыт жоғалтып алды дейді әкесі.

“25-і таңда “баланың жағдайы ауыр, Ақтөбеге алып кетеміз”  деді. Келіншегім екеуін таксиге отырғызды. Санавиация шақырмады, я пойызға мінгізбей, таксиге салып жібереді. Сол күні балама бір-ақ дәрі береді, басқа көмек көрсетілмейді. Бершүгірге жетпей бала оянады. Баладан қан кетеді, кіші дәрет жүрмей қалады”, – деді нәрестенің әкесі Арман Жұбанышев. 

Баланың жағдайы нашарлаған соң ақ халаттылар орта жолдағы Ембі аудандық ауруханасына тоқтаған. Алайда емдеу мекемесінде медициналық көмек дұрыс көрсетілмеді деп отыр. Ашынған әке шу шығарған соң ғана санавиация келгенін айтады. 

“Менің балам жерде жатыр. Олар орнында отыр. Шалқар мен Ембінің бас дәрігерлері балаға көмек көрсетпегені үшін жазаға тартылсын”, – деді Жұбанышев.

Қайғылы оқиғадан кейін облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті аудан дәрігерлері балаға дұрыс диагноз қоймай, тиісті ем жүргізілмегенін анықтаған.

“Тексерістің қорытындысына сәйкес Шалқар аудандық ауруханасына, сонымен қатар Ембі ауруханасының бас дәрігерлеріне жіберілген қателіктері бойынша шаралар қолданылды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова.

Бала шала туған екен, сонымен қатар бірнеше патологиялық ақаулармен дүниеге келген. Осы себептердің де әсерінен денсаулық жағдайы нашарлап кеткен.

Отбасы мүшелері дәрігерлердің тек сөгіс алғанына қанағаттанбай, полицияға арыз жазыпты. Қазір "медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды