«Ондай соманы тауып бере алмаймыз»: Байзақтағы жарылыс үшін сарбаздардан 23 млрд теңге төлеу міндеттелді

Аиса Махамбет Редактор
11.09.2024, 10:58
939
«Ондай соманы тауып бере алмаймыз»: Байзақтағы жарылыс үшін сарбаздардан 23 млрд теңге төлеу міндеттелді бейнежазбадан алынған кадр

Шымкенттің ауданаралық азаматтық сотында атышулы Байзақтағы жарылысқа қатысты сот шешімі шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Қорғаныс министрлігі сотталған сарбаздар мен офицерлерден 25 миллиард теңге өтемақы алуға шағымданған еді. Осыған қатысты өткен сотта судья Айгерім Омарова ведомства арызын ішінара қанағаттандырып жазасын өтеуші әскерилерден 23 миллиард 764 миллион теңге өтеуге шешім шығарды. Бірақ мұнымен сарбаздардың аналары келіспейді.

"Судьялардың осынша дәлелдерімізді ескермегеніне аң-таңмын. Біздің ештеңеге қауқарымыз жоқ. Қорғаныс министрлігі бізден соншама ақшаны қалай сұрап отырғанын түсінбейміз. Ондай сомманы біз ешқашан тауып бере алмаймыз. Отбасымыз өте қарапайым", – дейді Ерпулат Тұрановтың анасы Жанар Хадирова. 

Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотындағы іске сотталғандар онлайн қатысты. Қазір қос сарбаз Шымкенттегі №31 мекемеде жазасын өтеп жатыр. Аналары болса ұлдарының жазықсыз екенін айтады. 

"Біз баламызды әскерге сеніп аттандырдық. Оқиғаны көрдім деп куәгер болған сарбазды кінәлаңдар деп біздің баламызды қинаған. Бірақ оған біздің балаларымыз келіспеген. Есесіне сол Нұрзат Қалдарбек біздің балалар кінәлі деп жауап беріпті. Сонда қазіргі әскер балаларымызды өтірік сөйлеуге үйретіп жатыр ма", – дейді Жанар Хадирова.

Фото: Stan.kz 

Мемлекетке беретін мұнша қаржымыз жоқ деген аналар өзіміз әрең күн көріп отырған адамбыз дейді. Абақтыға жатқан балалары қазір түрме ішінде жұмыс істеуге кірісіпті. Олардың жаза мерзімін жартылай өтеп бостандыққа шығамыз деген үміті болған екен. Алайда мына шешімнен соң қапастан жуық арада шығатындарына күмәніміз бар дейді. 

"Қорғаныс министрлігі өз айыптарын көрсетпеу үшін осы балаларды кінәлі етіп отыр ғой. Балаларымыз ешқандай айыппен келіспейді. Олар жазықсыз қамалып жатыр. Енді келіп мына ақшаны мойнымызға ілгені тіпті ұят", – дейді сотталушының анасы.

Шешіммен келіспеген сарбаздың қорғаушысы енді аппеляцияға арыз жазбақ. 

"Бүгінгі шыққан шешіммен толығымен келіспеймін. Орын алған оқиғаға Тұранов пен Әшірбайдың қатысы жоқтығын әлі күнге дейін айтып келе жатырмыз.  Бірінші соттың үкіміне кассациялық шағым дайындап қойдық. Енді соны жіберу үстіндеміз. Бұл шешімге де аппеляциялық шағым береміз", – дейді сотталған сарбаздардың қораушы Әміре Сағадат. 

Еске салайық, 2021 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болып, 18 адам бақилық болған еді. Тағы 100 адам жараланып, бірнеше үй жарамсыз күйде қалды. Осыдан кейін апатқа айыпты деп қос сарбаз Ерпулат Тұранов пен Әсет Әшірбай қамауға алынды. Сот оларды алдымен 9 жылға бас бостандығынан айырып, кейін жаза мерзімі 13 жылға ұлғайды. Ал, офицерлер Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиев 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды