1130

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы жүкті болып қалған. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Aktobe Times порталы жазды.

Ақтөбеде 7-сынып оқушысы зорланып, жүкті болғаны туралы ақпарат тарады
pixabay.com

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қала жұрты Ақтөбе мектептерінің бірінде 7-сынып оқушысының зорланғаны туралы ақпарат тарата бастады. Полиция департаментінің баспасөз қызметі қыздың жүкті болғанын ғана растады.

Бұл ретте полицейлер қыздың зорланбағанын, барлығы екі жақтың келісімімен болғанын алға тартады. Баспасөз қызметі 7-сынып оқушысының жігітінің жасын айтпай отыр.

"Зорлау фактісі расталған жоқ. Барлығы екі жақтың келісімімен болды. Қыз жүкті болып қалды. Қалай болғанда да қылмыстық іс қозғадық. Қалғанын әзірге қоса алмаймын", – деді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор