«Еркеліктің қандай болатынын үйреттің»: Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялады

Аиса Махамбет Редактор
11.09.2024, 19:13
972
«Еркеліктің қандай болатынын үйреттің»: Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялады жеке мұрағатынан

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева күйеуінің туған күнімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, өнер иесі екінші рет тұрмысқа шығып, найман еліне келін атанған еді. 

“– Сәлеметсіз бе!

 – Сәлеметсіз бе. Менің атым – Ерлан.

 – Менің атым – Айгүл.

 – Танысқаныма қуаныштымын. 

 – Мен де.

 – Сіздің телефон нөміріңізді алса бола ма, суреттерді жіберейін деп едім...

Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы - Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп, Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және "Көптің тілеуі көл" деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз", – танысқан сәтті есіне алды өнер иесі.

Эстрада жұлдызы алғаш рет жолдасының фотосын да жариялап, туған күнімен құттықтады. 

“Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. "Қуанғанға құт қонады" дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайық!", – деп жазды ол. 

Зеленский: АҚШ бізге уәде еткен 20 мың зымыранды Таяу Шығысқа берді Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) Павлодарда мас ер адамдар пышақ алып төбелескен (ВИДЕО) Израиль ХАМАС көшбасшысы Мұхаммед Синвардың қаза тапқанын растады АҚШ Гарвардтың шетелдік студенттеріне виза беруді қайта бастады Астанадағы автобус апатынан соң аяғынан айырылған Алуаның ата-анасы дабыл қақты Қазақстандықтардың жеке деректерін сатумен айналысқан 140 адам ұсталды Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр Ақтөбеде емшіге алданғандардың саны 136 адамға жетті Айтым Шерзаттың ісіне қатысты жария етілмеген құжаттарды желіге салатынын айтты «Екеуміз де шегіп алғанбыз»: Алматыда түнгі клуб басшысы қызметкер жігітті зорлады деген күдікке ілінді (ВИДЕО) Есек етінен самса жасап сатқандарға қатысты сот үкімі шықты «Астанаға қыдырып келген»: Автобус апатынан кейін 7 жасар қыздың екі аяғы ампутацияланды Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған Құлсарыда 8 жасар қызды зорлады және өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды Израильдің Газадағы ауруханаға жасаған шабуылынан үш палестиналық журналист қаза тапты Маск Трампқа импичмент жариялау идеясын қолдады «Іс жүзінде халыққа қызмет көрсетпеген»: ШҚО-да Damumed арқылы 400 млн теңге ұрланған Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар»