Елімізде халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушыларға 5,5 миллион теңге сыйақы беріледі

12.09.2024, 14:30
1133
Елімізде халықаралық олимпиададан жүлде алған оқушыларға 5,5 миллион теңге сыйақы беріледі Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Дүниежүзі бойынша үздік 7 беделді олимпиадада жеңіске жеткен 26 қазақстандық оқушы қаржылай сыйлыққа ие болды. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің ұлттық құрамасы ең беделді әлемдік пәндік олимпиадаларда 2 алтын, 12 күміс, 12 қола медаль және бір диплом иеленді.

Олар:

  • IMO (математикадан);
  • IPhO (физикадан);
  • IBO (биологиядан);
  • IChO (химиядан);
  • IOL (лингвистикадан);
  • IGeO (географиядан);
  • IOI (информатикадан).

Талантты оқушыларды қолдау мақсатында президенттің тапсырмасымен 2022 жылдан бастап халықаралық олимпиадалардың  жүлделі орындарды иеленген оқушыларға және оларды дайындаған педагогтерге мемлекет тарапынан біржолғы сыйақы тағайындалды. Алтын медаль жеңіп алған оқушыға 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін 1000 АЕК, қола медаль үшін 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы берілді.

Ал алтын медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 26,5 еселенген мөлшерінде;

күміс медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 17,5 еселенген мөлшерінде;

қола медаль иегерін дайындаған педагогке базалық лауазымдық айлықақы 8,5 еселенген мөлшерінде беріледі.

Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қазақстандық университеттің кез келгеніне оқуға түсуге білім гранты тағайындалады. Сыйақының жалпы сомасы 77,5 миллион теңгеден асады.

Еске салайық, былтыр 23 оқушы 65,6 млн теңге, 20 педагог жалпы сомасы 71,4 млн теңге біржолғы сыйақы алған еді. Жалпы 12 ірі халықаралық жарысқа қатысқан 1218 қазақстандық оқушының 603-і медаль иегері атанды. Яғни, әлемдік додаларда еліміздің намысын қорғаған әр екінші қатысушы жүлделі орынға ие болды.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды