«Ол кәсібімді тартып алғысы келеді»: Қастандық көрдім деген ақтөбелік әйелдің бұрынғы күйеуі өз шындығын айтты (видео)

12.09.2024, 15:14
940
«Ол кәсібімді тартып алғысы келеді»: Қастандық көрдім деген ақтөбелік әйелдің бұрынғы күйеуі өз шындығын айтты (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Бұрынғы күйеуім қастандық жасады деп Тоқаевқа үндеу жасаған ақтөбелік тұрғын Алтынгүл Төлепованың мәлімдемесінен кейін ер адам өз шындығын айтты. Ахметжан Күзембаев өзіне жала жабылды дейді. Сөзінше, бұрынғы әйелі оның кәсібін тартып алғысы келгендіктен, қоғамдық дау туғызғысы келеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе тұрғыны Алтынгүл Төлепова бұрынғы күйеуінің қоқан-лоқысы мен қастандық әрекеттерінен мезі болып, өз өмірі үшін қорқатынын айтып Stan.kz редакциясына жүгінді.

Сөзінше, экс-күйеуі әйелді көшеде өлтірмек болып, шабуылдаған кезде біреулер арашалап қалыпты. Сонда да ер адам жазаға тартылмады дейді. Онымен қоса, ер адам жыныстық қатынасқа түскен видеоларды жасырын түсіріп алып, оны сақтаған.

Осыдан кейін ақтөбелік Ахметжан Күзембаев байланысқа шығып, бұрынғы әйелінің мәлімдемесін жоққа шығарды.

Ахметжан Күзембаев Ақтөбедегі “ПГС-Қараторғай” кәсібін құрған. Сөзінше, 14 жыл жасаған бизнесі мен мүлкін әйелі тартып алғысы келеді. Сондай-ақ 2015 жылдан бері 54 жастағы ер адам Паркинсон ауруымен күресіп жүргенін айтады. 

Паркинсон ауруы – егде жастағы адамдарға тән неврологиялық ауру.

"Жазылмайтын дертке шалдыққан соң әйелім кәсібімді өзінің інісінің атына жаздырғысы келді. Бірақ мен келіспедім. Осы ниеті жүзеге аспаған соң қоғамдық резонанс тудырмақ болды. Үстімнен арыз жазып, изоляторға қаматқысы келді. Бірақ денсаулығыма байланысты мен изоляторда жата алмаймын, оның арты мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін", – дейді ол

Ер адам әйелге шабуыл жасағанын жоққа шығарып отыр. Сөзінше, ол науқас және біреуге күш көрсетуге әлі келмейді.

“Мен әйеліме қол көтерген емеспін. Оның мақсаты – мені қаматып, жағдайымды нашарлату, артынша бизнесімді алып алу. Ол өзі мені аңдып жүр. Мен азаматтық іс бойынша бір сотты жеңіп шықтым. Енді әкімшілік іс бойынша апелляциялық сот болады”, – деді ер адам.

Алайда порнографиялық видеоларды сақтауға қатысты пікір білдірмеді. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 147-бабы “Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу” бойынша қылмыстық істің тергеуі жүріп жатыр.

12 қыркүйекте Әкімшілік кодекстің 73-1-бабы “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” бойынша апелляциялық сот отырысы өтеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді